Қыз бала

Отты жылдар жаңғырығы

Бұл музыкалық-әдеби қойылымның мақсаты — Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың ержүректік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, сондай-ақ оқушыларды Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі

Музыкалық-әдеби қойылым

Көрнекілігі

  • «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбындағы суреттер көрмесі
  • Батырлық туралы нақыл сөздер
  • Батырлар портреттері
  • Бейнефильм

Кіріспе

Сахнада тақырыпқа сай нақыл сөздер ілінеді. Олар ерлік пен отансүйгіштік идеясын айқындайды.

«Отан үшін отқа түс — күймейсің.»

«Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.»

Б. Момышұлы

«Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды.»

Б. Бұлқышев

Құттықтау сөздер

Қыз бала

Ардагер аталар!

Ұл бала

Ардақты әкелер!

Қыз бала

Абзал ағалар!

Ұл бала

Асыл аналар!

Екеуі қосылып

Баршаңызды! Баршаңызды!

Қыз

7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен…

Ұл

9 мамыр — Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Негізгі бөлім

1-оқушы

Жеңіс күні

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

— Қуанышты мереке —

Жеңіс күні қай күн? — деп.

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Әпемнен де сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

— Дұрыс, — десті, — сұрағың!

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні, шырағым!

Қ. Жұмағалиев

Өлең оқу

Бүгін біздің ортамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері отыр. (Ардагерлер сөз сөйлейді.)

2-оқушы

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып өлімді,

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні —

Бәрі қосылып: Тоғызыншы мамыр күні!

Д. Әбілев

3-оқушы

Алақай-ай, әйгілі

Тоғызыншы мамыр бүгін.

Алғаш күні шаттықтың,

Соңғы күні қайғының.

4-оқушы

Ұлы кешке сенген күн,

Фашистерді жеңген күн.

Қырмызы гүл, қызыл гүл,

Құшақтарға енген күн.