Білім шыңы Білімді, сауатты адамдар - бұл адамзат дамуының негізгі күші Н. Ә. НазарбаевМақсаты:Білімділік
Сабақтың тақырыбы
«Білім шыңы» — «Білімді, сауатты адамдар – бұл адамзат дамуының негізгі күші» (Н. Ә. Назарбаев)
Мақсаты
Білімділік
Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтау; өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету; ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау.
Дамытушылық
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісінің логикалық құрылымын түсінуін тереңдету; ойлау, есте сақтау, сөйлеу мәдениеті мен ынтасын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу; шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ жоспары
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады: топқа бөліну, таныстыру және 4 тур бойынша тапсырмалар орындау.
-
1) Топқа бірігу
Суретті құрастыру арқылы екі топ ұйымдастырылады және әр топ өз атауын алады.
-
2) Таныстыру, сәлемдесу
Командалар қысқаша таныстырылады.
-
3) I тур — блиц сұрақтар
Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады (әр топқа 10 сұрақ).
-
4) II тур — жасырылған 4 есеп
Нөмір таңдалып, негізгі сөздер арқылы есеп шешіледі; ұпай 1–6 аралығында өздері белгіленеді.
-
5) III тур — ағылшын тілінде тапсырма
Берілген терминдер/сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру.
-
6) IV тур — жұмбақтар
Жауапты үш тілде айту; үш тілде жауап берілсе 30 ұпай.
Қорытындылау
Әр тур нәтижесі бойынша ұпайлар есептеліп, жеңімпаз анықталады. Сабақ соңында қысқаша рефлексия жасалады.
I тур — блиц сұрақтар
Бағалау ережесі: әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.
1-топ
10 сұрақ-
1) Шоколадтың бағасы — 10 тг және тағы шоколадтың жартысы. Шоколад қанша тұрады?
Жауабы: 20 тг
-
2) 7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды?
Жауабы: 42
-
3) Барлық цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады?
Жауабы: 1
-
4) 25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды?
Жауабы: 1
-
5) 2 ондықты 2 ондыққа көбейткенде неше ондық шығады?
Жауабы: 40
-
6) Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, «10» деп айтамыз?
Жауабы: Сағаттың минуттық тілі 2-де тұрса, 10 минут өтті деп айтамыз.
-
7) Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады?
Жауабы: Екінші қосылғыш 0 болса.
-
8) Айнымалысы бар теңдік қалай аталады?
Жауабы: Пропорция
-
9) Wunderkind сөзі нені білдіреді?
Жауабы: Дарынды бала
-
10) Жерді өлшеу туралы ғылым қалай аталады?
Жауабы: Геометрия
2-топ
10 сұрақ-
1) Тәуліктің 24-тен 1-і қанша?
Жауабы: 1 сағат
-
2) Қайсы үлкен: 2 м ме, әлде 198 см ме?
Жауабы: 2 м
-
3) 282 саны 3-ке бөлінеді ме?
Жауабы: Иә
-
4) Сызықтық функцияның графигі қалай аталады?
Жауабы: Түзу
-
5) Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?
Жауабы: 12
-
6) Түзудің бойына 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады?
Жауабы: 6
-
7) Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар?
Жауабы: 50
-
8) 1 м²-де қанша см² бар?
Жауабы: 10 000 см²
-
9) 289 — нешенің квадраты?
Жауабы: 17
-
10) Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?
Жауабы: 3
II тур — жасырылған 4 есеп
Ереже
- Сұрақ нөмірі таңдалған соң және негізгі сөздер айтылғаннан кейін топ өзіне 1–6 аралығында ұпай белгілейді.
- Бірден дұрыс жауап берілсе — белгіленген ұпай қосылады; қате болса — азайтылады.
- Көмек сұрауға болады, бірақ бұл жағдайда 1 ұпай кемиді.
- Жауап болмаса, сөз кезегі екінші топқа беріледі.
1-есеп
Негізгі сөздер: бөлу, 4, кеміту
1 мен 10-ның арасындағы қандай санды 4-ке бөлгендегі бөліндісі сол санды 4-ке кеміткенге тең болады?
Көмек: бұл — бөлшек сан.
2-есеп
Негізгі сөздер: балықшы, фут, балық
Балықшының айтуынша, ол мынадай өлшемдегі балық ұстады: басы — 60 фут, құйрығы — басының ұзындығы мен денесінің жартысының қосындысы, ал денесі — балықтың басынан құйрығына дейінгі ұзындықтың жартысы. Сонда балықтың ұзындығы қанша?
Көмек: балықтың құйрығы басының ұзындығын 3 есеге тең.
Жауабы: 480 фут
3-есеп
Негізгі сөздер: цифр, құралу, тақ
Тақ цифрлардан құралған жұп санды атаңыз.
Көмек: бір тақ цифр үш рет қайталанады.
4-есеп
Негізгі сөздер: Фаренгейт, градус, сан
Цельсий шкаласының 1 градусы Фаренгейт шкаласының 1,8 градусына тең. Сонымен қатар, Цельсий бойынша 10° — Фаренгейт шкаласы бойынша 32°-қа тең. Температура екі шкала бойынша бірдей санмен беріле ала ма?
Көмек: Цельсий мен Фаренгейт арасындағы тәуелділікті теңдеу түрінде жазыңыз.
Жауабы: −40
III тур — ағылшын тіліндегі тапсырма
Берілген терминдер мен сөз тіркестерін қолданып, дұрыс құрылымда сөйлем құрастыру.
I топ
Іштей сызылған шеңбер — inscribed circle
I — іштей сызылған шеңбердің центрі: I is the center of the inscribed circle.
II топ
- Хорда chord
- Сектор sector
- Жарты шеңбер semicircle
IV тур — жұмбақтар арқылы «Білім шыңына» шығу
Тапсырма шарты
Бұл бөлімде жұмбақтар айтылады. Жұмбақтың шешуін тауып, жауабын үш тілде айту қажет.
Ұпай
Жауап үш тілде айтылса — 30 ұпай.