Топтың атын, ұранын белгілеу
Сабақтың тақырыбы
Аңыз әңгімелер — даналық бастауы (аңыз әңгімелерді қайталау)
Сабақтың мақсаты
А) Танымдық
Аңыз-әңгімелер туралы алған білімдерін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамыту; сұрақ қойып, нақты жауап беруге үйрету.
Ә) Тілдік
Оқушылардың сөздік қорын байытып, ұтқыр әрі ойлы сөйлеуге баулу; тіл мәдениетін дамыту.
Б) Тәрбиелік
Аңыз әңгімелер арқылы ұлы тұлғалардың өмірін өнеге етіп, жақсы қасиеттерді сіңіру; ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Түрі мен типі
- Сабақтың түрі: білімді жинақтау, сайыс сабағы
- Сабақтың типі: қайталау
Әдістер мен стратегиялар
Топпен жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, эссе, топтастыру, АКТ, СТО стратегиялары.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта (слайд), флипчарт, гиперсілтеме, бағалау парағы, үлестірме парақтар.
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ тілі.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сабақтың басталуы: оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
- Қосымша тапсырма: басқа аңыз әңгімелерді зерттеп, оқып, көрініс дайындау.
Бүгінгі сабақта аңыз әңгімелерден алған білімімізді тиянақтау үшін сайыс сабағы өткізіледі. Сабақтың ұраны: «Шығамын білім шыңына».
«Оқу — инемен құдық қазғандай» деген сөз бекер айтылмаған. Ұлы бабаларымыздың «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген нақылы білімнің қадірін айқын аңғартады. Сондықтан «Аңыз әңгімелер — даналық бастауы» тақырыбы аясында осыған дейін өткен аңыздар бойынша білімімізді ортаға саламыз.
1-топ
Тапқырлар
Ұраны: «Талапты бала — талпынған құстай»
2-топ
Алғырлар
Ұраны: «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін»
3-топ
Білгірлер
Ұраны: «Оқыған жетер мұратқа»
Әр топ жетекшісін сайлайды. Топ жетекшілеріне бағалау парағы беріледі (өзін-өзі бағалау және өзара бағалау).
II. Қызығушылықты ояту
Бейнетаспа көрсетіледі. Көріп болған соң оқушылар өз пікірлерін ортаға салады. Мұғалім қорытынды жасайды.
III. «Иә / Жоқ» стратегиясы (графикалық диктант)
| Тұжырым | Жауап |
|---|---|
| 1) Аңыз — ауыз әдебиетінің бір саласы. | Иә |
| 2) Аңыздағы оқиғаның шешімі адамды жақсылыққа жетелейді. | Иә |
| 3) Жиренше мен Қарашаш өмірде болмаған. | Жоқ |
| 4) Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері тарихи тұлғалар болуы мүмкін. | Иә |
| 5) Аңыз кейіпкерлерінің сөзі де, ісі де тапқыр болуы мүмкін. | Иә |
Мұғалім оқушылар жауаптарының ұтымдылығы мен ерекшелігін атап өтеді.
IV. Ой шақыру (сұрақ-жауап)
- Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
- Қандай аңыздарды білесіздер?
- Асан Қайғы деген кім?
- Жерұйық дегеніміз не?
- Жошы ханға баласының өлгенін естірткен күйдің жырын кім айтады?
- Жиреншенің төрде отырып қызға қарап басын сипауы нені білдіреді?
- Қыздың астындағы тақыр тулақты сипауы нені аңғартады?
- Жиреншеге мінездеме беріңдер.
Жиреншеге мінездеме (нұсқа)
- Әрқашан әділдікті және шындықты айтады.
- Кісімен ақылдасуды ұмытпайды.
- Сөзді тауып айтады.
- Хан екен деп жағымпазданбайды; өзін еркін ұстап, ханмен тең дәрежеде сөйлеседі.
Дәптермен жұмыс
Тақтамен жұмыс: оқушылар аңыз әңгімелердің ерекшеліктерін өздері тақтаға жазады.
V. Аңыз әңгімелердің негізгі ерекшеліктері
Кейіпкерлері
Аңыз кейіпкерлері көбіне тарихи тұлғалар болады. Олардың тапқырлығы, шешендігі, парасаты халық жадында сақталып, аңызға айналады.
Сөзі мен ісі
Кейіпкерлердің сөзі де, ісі де таңданарлықтай ұтқыр әрі ойлы болып келеді.
Оқиғаның шешімі
Оқиғаның түйіні әрі сүйсінтеді, әрі еліктетеді; оқырманды жақсылыққа, адамгершілікке жетелейді.
Келесі кезең: әр топ аңыздар бойынша дайындаған көріністерін көрсетеді.
Сабақты бекіту және бағалау
Топ басшылары бағалау парағы бойынша қорытынды жасайды. Белсенділік танытқан оқушылар ұпай санына қарай бағаланады.
Қорытынды сөз
Сендер — керемет шәкіртсіңдер! Бүгін аңыз әңгімелердің бір белесіне көтерілдіңдер. Алда әлі талай биік бар — сәттілік тілеймін!
Үй тапсырмасы (ой қозғау)
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар:
- 1 Баласының өлімін әкесіне қалай естіртер едіңдер? (проблемалық сұрақ)
- 2 «Әңгімедегі бақытсыз жан» тақырыбына эссе жазу.
- 3 Хан мен Жиреншені көз алдыңа елестетіп, суретін салу.
Толғаныс сәті (рефлексия)
Әр топ оқушылары парақшаға қысқа рефлексия жазады:
Бүгін нені үйрендік?
Сабақта алған негізгі ой мен түсінікті бір сөйлеммен түйіндеу.
Не ұнады?
Сайыс кезеңі, көрініс, сұрақ-жауап сияқты ұнаған тұстарын көрсету.
Не ұнамады?
Қиын болған немесе жақсартуды қажет ететін тұстарын белгілеу.