Сабаққа дайындықтарыңыз қалай

Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, математика оқулығы (3-сынып)

Тақырып: Қалдықпен бөлу (43 : 8)

Жалпы мақсат

  • Оқушылардың ауызша қалдықпен бөлу және оны тексеру туралы білімін бекіту.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Тәсілі: топпен жұмыс

Әдістері: СТО, «Егер де...» стратегиясы, АКТ

Оқыту нәтижелері

  • Қалдықпен бөле алады.
  • Есептің шартын түсініп, шығара алады.
  • Зауыт (кондитер цехы) жұмысы туралы жалпы түсінік қалыптастырады.

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту (сұрақтар)

  • Көңіл күйлеріңіз қалай?
  • Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
  • Ынталарыңыз қалай?
  • Ендеше сабағымызды бастайық.

Топқа бөлу

Оқушыларды кәмпит түрлері арқылы топқа бөлу. Әр топ өз ережесін құрастырады.

Үй тапсырмасын тексеру

«Егер де...» кілтін пайдаланып, №6 есептің шешімін дәлелдеу (Дананың жұмысы).

Миға шабуыл

1-тапсырма

Кондитер цехында 18 тәтті нан бар. Әр қорапқа 6 тәтті наннан салынды. Қанша қорап қажет болды?

2-тапсырма

Кондитер цехында 18 тәтті нан бар. Әр қорапқа 4 тәтті наннан салынды. Қанша қорап қажет болды?

Жаңа сабақ

Мұғалім сұрағы: «Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?»

Қалдықпен бөлу: 43 : 8

Бөлу нәтижесі

43 : 8 = 5 (қалд. 3)

Тексеру

5 × 8 + 3 = 43

Карточкамен жұмыс (айналмалы бекет)

Оқушылар станциялар бойынша тапсырмаларды орындайды: есептеу, қалдықты табу, нәтижені тексеру және түсіндіру.

Мұғалім

Муханова Халзия

Тақырып: Қалдықпен бөлу (43 : 8)