Міржақып Дулатов Қыс әңгімесі

Ақтөбе облысы · Ақтөбе қаласы

№5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Абдинагиева Гүлбағдат Кушікбайқызы

Пән

Әдебиеттік оқу

Сабақ тақырыбы

М. Дулатов — «Мектепке», «Мектептен»

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

М. Дулатовтың өмірбаянын өткен сабақтағы тапсырмалар арқылы толықтыру; өлеңді дауыс ырғағына келтіріп оқуға, мазмұнын түрлі тапсырмалар арқылы әдеби тілде ашуға үйрету.

2) Тәрбиелік

Мектеп өмірінде әдепті, тәртіпті, рухани сауаттылығы дамыған, адамгершілік қабілеті жоғары оқушы тұлғасын тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың төзімділігін, ұйымшылдығын арттыру; ой-өрісін, сана-сезімін дамыту.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар шеңбер жасап тұрады, амандасу ұйымдастырылады.
  • Сабаққа қатысуы мен дайындық деңгейі тексеріледі.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы: Міржақып Дулатовтың «Қыс» әңгімесі (музыкалық әуен сүйемелдеуімен тексеру).

Талқылау сұрақтары

  1. 1.Адамдар суықтан қалай қорғанады?
  2. 2.Мәтіндегі жылқышының еңбегі туралы айт.
  3. 3.Мәтінде қысты қалай суреттейді?
  4. 4.Қыс мезгілінде үй жануарларын қалай күтеміз?
  5. 5.Сен қыста қалай киінесің?
  6. 6.М. Дулатов кім?
  7. 7.«Бапсыз», «жалтаң аяз» сөздерінің мағынасын түсіндір.
  8. 8.«Бек қиын», «қарыған» сөздерінің мағынасын түсіндір.

Қорытынды: сұрақ-жауап және талдау арқылы әңгіме авторын нақтылау.

3) Топқа бөлу және жаңа тақырыпқа кіріспе

Топқа бөлу

Үстел үстіндегі суреттер арқылы топқа бөлінеді: парта, қалам, кітап, тақта. Сол атауларға сәйкес тапсырмалар орындалады.

Талқылау: «Бұлар не? Қайда және не үшін пайдаланамыз?»

Жаңа тақырып

Бүгін М. Дулатовтың «Мектепке», «Мектептен» өлеңдерімен танысамыз. Интербелсенді тақтадан ақынның портреті мен өмірбаяны көрсетіледі.

  • 1 оқушы өмірбаянды дауыстап оқиды.
  • Мұғалім өлеңдерді мәнерлеп оқып береді (әуен ырғағымен).
  • 7–8 оқушы кезекпен дауыстап, мәнерлеп оқиды.

Сөздік жұмысы (тақтамен жұмыс)

Майлыаяқ — иттің аты.

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтадағы қимыл-қозғалыстарды көру арқылы бірге орындау.

Топтық тапсырмалар

1-тапсырма

Талдау және түрлендіру жұмыстары

Топтық

Парта

Венн диаграммасы.

Кітап

Ассоциация құрастыру.

Тақта

Өлең жолдарын қара сөзге айналдырып жазу.

Қалам

Өлең құрылымын талдау (шумақ, тармақ, буын).

2-тапсырма

Шығармашылық және сахналау

Топтық

Парта

«Қыс» тақырыбында 5 жолды өлең жазу.

Кітап

Өлеңдерді сурет арқылы бейнелеу.

Тақта

Қыс көрінісін сахналау.

Қалам

Өлеңді нақышына келтіріп оқу немесе жатқа айту.

3-тапсырма

Салыстыру және ой қорыту

Жеке/топтық

Адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді жыл мезгілдерімен салыстырып жазу:

Парта

Қыс

Кітап

Көктем

Тақта

Жаз

Қалам

Күз

Сабақты бекіту

  • Өлең жолдарындағы самауыр суретін көрсету.
  • Қазіргі заманауи самауырмен салыстыру.
  • Самауырдың пайдасы туралы кеңейтілген мәлімет беру.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

Міржақып Дулатовтың «Мектепке», «Мектептен» өлеңдерінен өзің қалаған біреуін жаттау.

Бағалау

Топ басшылары өз топ мүшелерінің жұмысына бағалау жүргізеді.