Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету

Сабақтың тақырыбы

7 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты

а) Білімдік

  • Оқушыларды 7 санының құрамын ажыратуға үйрету.
  • Әртүрлі текшелермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

ә) Дамытушылық

  • Алған білімдерін саралауға бағыттау.
  • Санды санға қосуға және саннан санды азайтуға үйрету.
  • Белгісіз санды табуға төселдіру.
  • Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы дамыту.
  • Танымдық қабілеттері мен логикалық ой-өрісін жетілдіру.

б) Тәрбиелік

  • Еңбекқорлыққа, достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Негізгі дағдылар

Қосу Азайту Белгісіз сан Ауызша есептеу Логикалық ойлау

Көрнекіліктер

Әртүрлі фигуралар, ешкі мен 7 лақтың бейнелері, кесінділер, сызғыш, түрлі түсті қарындаштар, сандар, теңдіктер және теңсіздіктер.

Фигуралар

Текшелер, пішіндер

Сюжеттік материал

Ешкі және 7 лақ

Өлшеу құралдары

Кесінділер, сызғыш

Жазу құралдары

Түрлі қарындаштар

Математикалық жазбалар

Сандар, теңдіктер, теңсіздіктер

Сабақтың түрі мен әдісі

Сабақтың түрі

Ертегі сабақ.

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Шығармашылық жұмыс

Сабақтың жүрісі

Ертегі желісі

Ертеде бір ешкі 7 лағымен суатқа су ішуге келеді. Сол сәтте алдынан ашыққан қасқыр шығып, оларға тап береді де, қуа жөнеледі. Жан сауғалап қашқан лақтардың ең кішісі топтан адасып қалады.

Сабақтың міндеті

Бүгінгі сабақта біз адасып қалған лақтың өз тобына қайта қосылуына көмектесеміз. Ол үшін 7 санының құрамын анықтап, қосу мен азайту амалдарын орындаймыз және белгісіз санды табу тапсырмаларын шешеміз.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}