Сабақтың технологиясы

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті (8-сынып).

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушыларға XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті туралы жүйелі түсінік беру, сол кезеңдегі орыс зерттеушілерінің жүргізген еңбектерімен таныстыру.

2) Дамытушылық

Көрнекіліктер мен қосымша материалдарды пайдаланып, өткен дәуір мәдениетін қазіргі мәдениетпен салыстыру арқылы білімін тереңдету; ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, қастерлеуге баулу.

3) Тәрбиелілік

Еңбексүйгіштікке, терең ойлауға, елдің өткені мен бүгінін салыстыра білуге тәрбиелеу; болашақта жан-жақты көзқарасы қалыптасқан азамат болып өсуіне ықпал ету.

Құрал-жабдықтар және ресурстар

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта, магнитті тақта
  • Сызбалар, таратпа материалдар
  • ҚР саяси картасы және дүние жүзі картасы
  • Портреттер, жыр үлгілері, үнтаспа

Пәнаралық байланыс

  • География
  • Әдебиет
  • Қазіргі заман тарихы
  • Музыка

Технологиялар мен әдістер

Сабақтың технологиясы

  • ТСН (В. Шаталов)
  • Деңгейлеп-саралап оқыту
  • Дамыта оқыту технологиясы (Л. Выготский)
  • Сатылай кешенді талдау
  • Топтастыру және проблемалық оқыту

Сабақтың әдістері

  • Түсіндірмелі әдіс
  • Сұрақ-жауап
  • Талқылау
  • Суреттеу

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтың ерекшелігін атап өту. Үй тапсырмасын сұрау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • «Сиқырлы сандықша» ойыны: өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап алу
  • Шығармашылық жұмыс: С. Датұлының өнеге, тәлім, тәрбие туралы ойларын талдау
  • Үлестірмелермен жұмыс: деңгейлік сұрақтар, «Қашан?», «Қайда?» ойындары

3) Жаңа сабаққа көпір

Қазақ мәдениетінің сол кезеңдегі жағдайының күрделі болғанын атап өту және оған феодалдық қатынастар мен ұлт-азаттық қозғалыстардың ықпалы туралы ой қозғау.

4) Жаңа сабаққа кіріспе

Түрткі сұрақ

«Болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді?»

Жауаптарды тыңдағаннан кейін, мұғалім әр мамандықтың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, Қазақстанның тарихын терең білу қажеттігін негіздейді.

Ой ашатын дәйексөз

«Қазақстанның тәуелсіздік тарихы аппақ тарих бетіне күні кеше түсе қалған жоқ, оның көне мәдениеті, дәстүрлері бар...»

Н. Назарбаев

Жаңа сабақтың оқу мақсаты

XVIII ғасырдағы қазақ жеріндегі зерттеулер мен мәдениет туралы жан-жақты білім алу; жыраулар мұрасын тереңірек тану; білімді дамыту арқылы адамгершілікке және өнерсүйгіштікке баулу.