Денелердің қозғалысын бақылау

Сабақ: «Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?» (Жаратылыстану, 1-сынып)

Бұл қысқа мерзімді жоспар оқушыларға қозғалысты бақылау арқылы траектория ұғымын түсіндіруге, әртүрлі денелердің қозғалыс бағытын салыстыруға және зерттеу нәтижесін айтуға бағытталған.

Бөлім

Табиғат физикасы

Алдыңғы білім

Оқушылар күнделікті өмірде қозғалысты (жүру, домалау, ұшу) көріп, қозғалып тұрған денелерді байқай алады.

Есіңде сақта

  • Қозғалыс траекториясы — көлік пен басқа да заттың қозғалыс кезінде қалдыратын сызығы.
  • Жол — траекторияның ұзындығы.
  • Сызық — линия — line.
  • Траекторияtrajectory.
  • Траектория түзу немесе қисық сызық болуы мүмкін.

Оқу мақсаттары

1.5.1.3 — қозғалыстың түрлі траекторияларын зерттеу және оларды сурет түрінде көрсету.

1.5.1.2 — қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызын анықтау.

1.1.2.2 — көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

  1. 1) Қозғалыс траекториясын біледі және мысал келтіреді.

  2. 2) Түрлі денелердің траекториясын анықтайды.

  3. 3) Зерттеу нәтижелерін айтады, түсіндіреді және талдайды.

Бағалау критерийлері

Бақылау және сипаттау

Қозғалыстағы денелердің траекториясын бақылайды және сипаттайды.

Бейнелеу

Денелердің қозғалыс траекториясын сурет түрінде көрсетеді.

Зерттеу жүргізу

Зерттеу барысында құралдарды қолданады және жүргізілген жұмыстың нәтижесін қорытындылайды.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Басқалармен бірлесіп жұмыс істеу, пікірді тыңдау және құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Түзу және қисық сызықтарды сызу.

Дүниетану

Мектепке баратын жолды бағдарлай білу.

АКТ қолдану

Бейнематериал арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылап, қорытынды жасау: https://www.youtube.com/watch?v=H91_YUxcYVA

Сабақтың құрылымы

Сабақтың басы (1 минут)

Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»

Армысың, досым, кел, маған қосыл (қолымен шақырады).

Алақанға салып алақан, шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).

Жер шарындай айналып, әлемге жарық ұқсайық (айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры, құшаққа оны алайық (құшақтасады).

Топқа бөлу

«Қайда менің өз орным?» ширату жаттығуы: оқушылар ұшақ, машина, қайық суреттерін таңдап, олардың қимыл-қозғалысын көрсетеді. Содан кейін таңдалған атаулар бойынша топқа бөлініп отырады.

Ой қозғау

Бейнежазбаны көріп, денелердің қозғалысын бақылайды. Ашық сұрақ: «Бүгінгі сабағымыз не туралы?» Оқушылар болжам жасап, тақырыпты өздері анықтайды. Одан кейін сабақ мақсаттары таныстырылады.

Сабақтың ортасы (шамамен 5 минут және ары қарай)

Бақылау тапсырмасы

  1. Сыныпқа оралған жіпті әкеліп, қолымнан жерге түсіремін де 1-топқа қарай домалатамын.
  2. 1-топ жіпті 2-топқа қарай, 2-топ 3-топқа, 3-топ қайтадан маған қарай домалатады.

«Ойлан — жұптас — бөліс»

  • Жіптің қозғалысы туралы не айтуға болады?
  • Жіптің жүрген жолында не пайда болды?
  • Пайда болған сызық нені білдіреді?

Түсіндіру: Дененің қозғалған кездегі жүрген жолын траектория дейміз. Бұл — жіптің қозғалыс траекториясы.

ҚБ: «Жұлдызша» әдісі Топтық бағалау

«Ойна да, ойла» тапсырмасы

Таңдаған көліктеріңнің қозғалыс траекториясын салып көрсетіңдер. Қандай сызық шықты: түзу ме, әлде қисық па? (Математикамен байланыс.)

Дескриптор

  • Берілген көліктің қозғалыс траекториясын салады.
  • Сызықтың түрін анықтайды (түзу/қисық).
ТБ: «Басбармақ» әдісі

Зерттеу тапсырмасы

Кішкентай шар мен ойыншық машинаның қозғалысын зерттеңдер. Тәжірибе арқылы траекторияға мысал келтіріңдер.

Байқау: машина көбіне түзу траекториямен, ал металл шар әртүрлі траекториямен қозғалуы мүмкін.

Дескриптор

  • Тәжірибе негізінде шар мен машинаның қозғалысын анықтайды.
  • Траектория сызығын салып, бір-бірінен ажыратады.
ҚБ: «Шапалақтау» әдісі

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен билеу.

Ойын: «Ұшақтар ұшыру» (жұптық/жеке жұмыс)

Оқушылар қағаз ұшақ жасайды. Үстел үстіндегі «сиқырлы таяқшаны» таңдау арқылы бір оқушы ұшағын ұшырады. Қалған оқушылар ұшақтардың қозғалыс траекториясын бақылайды.

Талқылау сұрақтары

  • Ұшақтың қозғалыс траекториясын көре алдыңдар ма?
  • Тағы қандай денелердің қозғалыс траекториясын көре алмаймыз?
ҚБ: «Смайлик» әдісі