Сан есім

Сабақтың тақырыбы

Есептік және реттік сан есім

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: есептік және реттік сан есім туралы толық мәлімет беру, сан есім туралы бұрынғы білімді еске түсіру және кеңейту.
  • Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорын және шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу.

Ұйымдастыру және әдістеме

Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану, музыка, математика.
Әдістер
Сұрақ-жауап, талдау, ойын, түсіндіру.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, семантикалық карта.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым — дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және қызығушылықты ояту

Ой қозғау

  • Сан есім дегеніміз не?
  • Сан есім қандай мағыналарды білдіреді?

ІІІ. Жаңа сабақ

Сан есім мағынасына қарай есептік және реттік болып екіге бөлінеді.

1-тапсырма: «Мықты болсаң, тауып көр» ойыны

Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді бір бөлек, ал Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыр.

Берілген сөздер

Бір, алтыншы, жеті, сегіз, бес, он алты, тоғызыншы, бірінші, төрт, жиырма, елу, екінші.

Қанша? Неше? (Есептік)

Бір, жеті, сегіз, бес, он алты, төрт, жиырма, елу.

Нешінші? (Реттік)

Алтыншы, тоғызыншы, бірінші, екінші.

Есептік сан есімқанша? неше? сұрақтарына жауап береді: екі, алты, жеті.

Реттік сан есімнешінші? сұрағына жауап береді: екінші, алтыншы, жетінші.

Реттік сан есім есептік сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

2-тапсырма: Семантикалық карта

Берілген сөздерді есептік және реттік сан есімдерге бөліп белгіле.

Сөздер Есептік Реттік
алпыс
сегізінші
он алтыншы
отыз
қырық
үшінші
екі
үш

3-тапсырма: Дәптермен жұмыс

17-жаттығу

Мәтінді оқы. Сан есімдерді теріп жаз, оларға сұрақ қой. Сан есімдерді салыстыр. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

18-жаттығу

Көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз. Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтарды белгіле. Әр қатардағы сан есімдерге сұрақ қойып, мағыналық айырмашылығын түсіндір.

Есептік Реттік (толықтыр)
Бір қатар __________ қатар
Үш орын __________ орын
Тоғыз мектеп __________ мектеп
Алты сынып __________ сынып

5-тапсырма: «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны

Мақал-мәтелдерді жалғастыр және сан есімдерді тап.

  • Батыр ... рет өледі. — бір
  • Қорқақ ... рет өледі. — мың
  • ... атасын білмеген — жетесіз. — жеті
  • ... рет өлшеп, ... рет кес. — жеті, бір
  • Ер жігіттің ... сөйлегені — өлгені. — екі
  • ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды. — отыз екі, қырық
  • Ел құлағы — ... — елу
  • Білекті ... жығады, білімді ... жығады. — бірді, мыңды

Тақтамен жұмыс

19-жаттығу

Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда. Реттік сан есімдерге жалғанған жұрнақтың екі түрлі (-ншы, -нші) болуының себебін түсіндір.

Бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, отызыншы.

20-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы. Сан есімдерді тауып, олардың қай түрге жататынын айт. Мәтінге ат қой. Мәтін неше бөліктен тұрады? Әр бөлігі қай жолдан бастап жазылған?

Қызықты мәлімет: Тайқазан туралы

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық бөлмесінде Көреген Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі — қасиетті Тайқазан сақталған.

Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде сирек кездесетін жеті түрлі асыл металдың (мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір) қоспасынан құйылған.

Өлшемдері

  • Салмағы: 2 тонна
  • Сыйымдылығы: 3 мың литр
  • Биіктігі: 1,60 м
  • Диаметрі: 2,42 м

Тұғыры

  • Биіктігі: 0,54 м
  • Диаметрі: 0,607 м

Ой қорыту (тест)

  1. 1) Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңыз.

    • A) Сан есім
    • B) Зат есім
    • C) Сын есім
    • D) Етістік
  2. 2) Сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.

    • A) Туған жерге туың тік.
    • B) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
    • C) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
    • D) Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  3. 3) Реттік сан есімді белгілеңіз.

    • A) Жүз
    • B) Тоғызыншы
    • C) Бесеу
    • D) Отыздаған
  4. 4) Реттік сан есімнің жұрнағын табыңыз.

    • A) -ау, -еу
    • B) -тан, -тен
    • C) -ыншы, -інші
    • D) -шы, -ші
  5. 5) Есептік сан есімді табыңыз.

    • A) Бес
    • B) Алтау
    • C) Сегізінші
    • D) Он тоғызыншы

Қорытынды: тапсырмаларды дұрыс орындап, «сандықшадағы» құпия санды таптық. Енді сол құпия сан туралы не білетінімізді талқылайық.

Сергіту сәті

«Ақ мамам» әнін орындау.

Рефлексия

  • Бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
  • Қандай қызықты мәліметтер білдіңдер?
  • Қай тапсырманы орындау қиын болды?
  • Қай тапсырма ерекше ұнады?

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

Ережені жаттау.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, әділ бағалау.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}