Топта бірлесіп жұмыс жасауға баулу
Қазақстан тарихы • 10-сынып
Қазақстан аумағындағы Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері
Бұл сабақ жоспары ерте орта ғасырлар кезеңіндегі Қазақстан аумағында құрылған қағанаттардың тарихын жүйелі түрде қарастыруға, олардың ортақ және айрықша белгілерін салыстырып түсіндіруге бағытталған.
Сілтемелер
- 1 Мұғалімге арналған нұсқаулық
- 2 «Қазақстан тарихы», 10-сынып оқулығы
- 3 Әдістемелік журнал, №9 (2015)
- 4 Слайд материалдары
Жалпы мақсат
Білім
Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері туралы толық әрі жүйелі мәлімет беру.
Талдау
Мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін салыстыру арқылы маңызын түсіндіру.
Дағды
Топта бірлесіп жұмыс істеуге, рөлдерге бөлініп жауапкершілік алуға үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері туралы нақты әрі толық мағлұмат алады.
- Мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерінің мәнін түсінеді.
- Топта бірлесіп жұмыс жасап, пікірін дәлелдеуге дағдыланады.
Негізгі идея
Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырлар тарихында маңызды орын алған мемлекеттердің қатарына Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты және Қарлұқ мемлекеті жатады. Бұл тақырып олардың саяси құрылымы мен тарихи сабақтастығын түсінуге мүмкіндік береді.
Тапсырмалар
1) Ой шақыру
Сұрақтар қою арқылы алдыңғы білімді белсендіру.
2) Топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс: оқып, талқылап, қорытынды шығару.
3) Жұптық жұмыс
Тест тапсырмалары арқылы білімді тексеру.
4) Жеке жұмыс
Тақырыптың түйінді сөздері мен негізгі ұғымдарын белгілеу.
Сабақ барысы (мұғалім жазбалары)
I. Ұйымдастыру
4 минут- Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару (2 минут).
- Сыныпты үш топқа бөлу (2 минут).
II. Үй тапсырмасын тексеру
3 минут«Кезбе тілші» әдісі арқылы әр топқа қысқа сұрақтар қойылады.
1) Түрік деректері ресми жылнамаға қай кезеңде енген?
Ең алғашқы дерек Қытайда Батыс Вей әулеті тұсында ресми жылнамаға енген.
2) «Түрік» этнонимі қытай жылнамаларында алғаш рет қай жылы аталады?
542 жыл.
3) Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі?
Теле тайпалары.
4) Телелер одағына қанша тайпа кірген?
15 тайпа.
5) Түрік қағанаты қай жылы құрылды?
552 жылы, Солтүстік Моңғолия аумағында.
6) Түріктер арасындағы соғыс қанша жылға созылды?
20 жыл.
7) Түріктер батыс және шығыс болып қай жылы бөлінді?
603 жылы.
8) Енесей қырғыздары және маңайындағы басқа түрік тайпалары қай жылы талқандалды?
840 жыл.
9) Біріккен Түрік қағанаты қанша жыл өмір сүрді?
100 жыл.
III. Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)
15 минутТоп ішіндегі рөлдер
Әр топ 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы.
Жұмыс тәртібі
- Мәтінді оқып, топта талқылайды.
- Қорытындыны баяндамашы ұсынады.
- Бақылаушы бағалау парағын жүргізеді (әр топқа 1 минут).
Тақырып
Қазақстан аумағындағы Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері.
Материалды жүктеу
«Қазақстан аумағындағы Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері» тақырыбы бойынша қосымша мәтіндер мен слайд материалдарын жүктеу бөлімі.