Жас Астрономның тапсырмалары

ҰОІӘ жоспары Қатынас • Таным • Шығармашылық Тіл дамыту • Математика • Қоршаған орта

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасы

Тәрбиеші: Басжанова Рзахан Калдыбаевна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы

«Жас астрономның тапсырмалары»

Оқу іс-әрекеттері

  • Тіл дамыту
  • Қоршаған орта
  • Математика
  • Көркем әдебиет
  • Құрастыру

Мақсаты

Балалардың жыл бойы меңгерген білімдерін бекіту; сөздік қорын байыту; ойлауын, көру арқылы қабылдауын дамыту; ауызекі сөйлеуге үйрету. Тіл мәдениетін жетілдіру, мемлекеттік тілге құрмет пен сыйластық сезімін қалыптастыруға қызығушылығын арттыру.

Сабақ барысы

Шаттық шеңбері

Сәлем бердік, Алтын Күн!

Сәлем бердік, көк аспан!

Сәлем бердік, Жер Ана!

Сәлем бердік, баршаңа!

Кіріспе сұрақтар

Тәрбиеші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі.

Тәрбиеші

Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар: Күз мезгілі үш айдан тұрады: қыркүйек, қазан, қараша.

Кейіпкердің келуі: Жас астроном

Жас астроном

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен астроном болғым келеді. Ғарышқа ұшып, оны зерттегім келеді. Бірақ ғалымдар маған бірнеше тапсырма берді: егер соларды орындасам, Ай әлеміне баруға рұқсат береді. Маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші

Балалар, Жас астрономға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

1-тапсырма: Тіл дамыту

Сұрақ-жауап

Сұрақ: Біз қай республикада тұрамыз?

Жауап: Қазақстан Республикасында.

Сұрақ: Қазақстан Республикасының елбасы кім?

Жауап: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Сұрақ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.

Жауап: Ту, Елтаңба, Әнұран.

2-тапсырма: Математика

Санау • Уақыт

1-ден 5-ке дейін санау (тура және кері)

1 2 3 4 5
5 4 3 2 1

Балалар санамақтар айтып, санауды бекітеді.

Апта күндері

Апта 7 күннен тұрады:

  • Дүйсенбі
  • Сейсенбі
  • Сәрсенбі
  • Бейсенбі
  • Жұма
  • Сенбі
  • Жексенбі

Тәулік бөліктерін бекіту (сөйлемді толықтыр)

Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты кеште ішеміз.

Түнде ұйықтаймыз, ал таңертең жаттығу жасаймыз.

Күндіз Күн шығады, ал түнде Ай шығады.

Кешкі асты кешке, ал түскі асты күндіз ішеміз.

Сергіту сәті

Балалар орындарынан тұрып, қимыл-қозғалыс арқылы сергіп алады.

Күн ұйықтайды, күн оянады.

Жел соғады, жел қатты-қатты соғады.

Найзағай шатырлайды.

Жаңбыр жауды, жаңбыр басылды.

Күн ашылды.

Жаттығу 2 рет қайталанады.

3-тапсырма: Қоршаған орта және экология

Табиғат • Маусым

Жанды және жансыз табиғат

Жанды табиғат

Адамдар, жануарлар, өсімдіктер.

Жансыз табиғат

Су, тас, тау, құм және т.б.

Жыл мезгілдері

Қыс Көктем Жаз Күз

4-тапсырма: Көркем әдебиет

Ертегі • Драмаландыру

Балалар қандай ертегі түрлерін білетіндерін айтып, бір ертегінің желісін сомдап көрсетеді.

«Бауырсақ»

«Шалқан»

«Үш аю»

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

«Жеті лақ»

Тағы басқа ертегілер

Драмаландыруға ұсынылатын ертегі: «Жыл басына таласқан хайуанаттар».

5-тапсырма: Құрастыру

Пішіндер • Құрастыру

Пішіндер арқылы төмендегі нысандарды құрастыру ұсынылады:

  • Үйшік

  • Арба

  • Үй

  • Шырша

  • Зымыран

Балалар тапсырманы топпен орындап, дайын жұмыстарын көрсетеді.

Қорытынды

Жас астроном

Өте жақсы! Жарайсыңдар! Сендер өте білімді, ақылды, талантты балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді мен жолға шығайын. Сау болыңдар!

Тәрбиеші және балалар

Жас астроном, жолың болсын! Сау болыңыз! (Балалар қоштасады.)

Тәрбиеші оқу іс-әрекетін қорытындылап, балаларды мадақтайды.