Бисквит қамырдың құрамы

9-сынып. Технология

Сабақ тақырыбы: бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері

Білімділік мақсат

Оқушыларды тағам түрлерін дайындауға үйрету, ұннан жасалатын кондитер өнімдері туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік мақсат

Үй шаруасына икемділікке, ас әзірлеудегі тиянақтылыққа, тазалық пен ұқыптылыққа, дастарқан әзірлеуге және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін қолдау, аспаздық қабілеттерін дамыту.

Сабақ түрі

Сайыс сабақ

Әдіс-тәсіл

Топпен жұмыс

Көрнекілік

Суреттер, мақал-мәтелдер, тірек-сызбалар

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сынып оқушыларымен сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сыныпты екі топқа бөлу: I топ және II топ

2) Үй жұмысы

I кезең — “Кім жылдам?”: екі топқа бірдей сұрақтар беріледі. Оқушылар жылдам жауап береді. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.

II кезең — “Ой толғау”: әр топтан бір оқушы шығып, алдын ала дайындап келген тағамына қысқаша сипаттама береді. Қалған оқушылар “Тамақ әзірлеу технологиясы” тарауы бойынша тірек-сызба арқылы дұрыс жауапты сызады.

I кезең — “Кім жылдам?” (қайталайтын сұрақтар)

Сұрақ Жауап
1 Одан әрі өңдеуді қажет ететін зат? Шала
2 Ашытқыны күшейту үшін ашытпалы қамырға аздап не қосу керек? Қант
3 Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек? Сортын ескеру және електен өткізу
4 Тұздық дегеніміз не? Жеке ұсынылатын тағам емес; тағамның дәмін кіргізіп, хош иіс беріп, көрінісін әсемдейді
5 Тұздықтар неше топқа бөлінеді? Екі топқа: ұн қосылған және ұн қосылмаған
6 Бисквит қамырының құрамы? Жұмыртқа, қант, ұн
7 Дастарқанның басты асы не? Нан
8 Ашытпалы қамырдан қандай нан түрлері жасалады? Таба нан, бауырсақ
9 Ашытқысыз қамырдан қандай өнімдер жасалады? Пирог, шаг-шаг, бисквит, үгілмелі өнімдер
10 “Торт” сөзі қай тілден шыққан? Итальянша torta; испанша tortilla — нан

Жаңа сабақ: қайнақты қамыр

Негізгі сипаттамасы

Қайнақты қамырдан іші қуыс, сырты қатты қабықпен қапталған пісірмелер дайындалады. Пісіру кезінде көлемі 2–3 есе ұлғаяды, ал ішкі бөлігі қуыс болып қалады.

Дәмі бейтарап болғандықтан, оған тәтті де, тұзды (ащы) салмалар қолдануға болады. Қайнақты қамырдан профитроль, эклер және әртүрлі пирожный түрлері дайындалады.

Эклер туралы

Эклер (французша eclair — “жарқыл”) — ұзынша немесе түтікше пішінді, ішіне қайнатпа крем толтырылған француз десерті.

Эклерді француз аспазы Мари-Антуан Карем ойлап тапқан; XIX ғасырда кеңінен тарады. Көбіне бетіне глазурь құяды.

Глазурь — қант шәрбаты негізіндегі қаптама.

Профитроль туралы

Профитроль — кішкентай шариктерге ұқсас өнім. Оны тәтті креммен немесе көпсітілген кілегеймен толтырып, шаймен бірге ұсынуға болады.

Эклер дайындау технологиясы

Ингредиенттер

  • Су1,5 стақан
  • Сары май немесе маргарин75–100 г
  • Тұз0,5 шай қасық
  • Ұн1,5 стақан
  • Жұмыртқа4–5 дана

Дайындау қадамдары

  1. 1 Шағын кастрөлге су құйып, май (немесе маргарин) мен тұз қосып, қайнағанға дейін жеткізіңіз.
  2. 2 Оттан алып, ыстық сұйықтыққа ұнды біртіндеп сеуіп, түйіршіктері жойылғанша араластырыңыз.
  3. 3 Кастрөлді қайта отқа қойып, масса қабырғаға жабыспайтын біртұтас қамырға айналғанша араластыра отырып қыздырыңыз.
  4. 4 Қамырды сәл салқындатыңыз. Әйтпесе жұмыртқа пісіп кетіп, өнім пісіргенде дұрыс көтерілмейді.
  5. 5 Кондитерлік қапқа металл ұштық кигізіп, қамырды жұқалап майланған табаға ұзынша етіп (10–12 см) сығып шығарыңыз.
  6. Ескерту: таба тым майлы болса, өнімнің асты қуырылады; ал мүлдем майланбаса, түбі жабысып қалады.

  7. 6 210–220°C-қа қыздырылған пештің төменгі торына қойып, 10–15 минут пісіріңіз.
  8. 7 Содан кейін температураны 200°C-қа түсіріп, тағы 10–15 минут пісіріңіз.
  9. 8 Дұрыс піскен қайнақты өнім жақсы көтеріліп, көлемі ұлғаюы керек.

Пештегі ылғалдың маңызы

Қатты қабықтың тез қалыптасуы және беттің жарылып кетпеуі үшін пеште ылғалды ауа болғаны маңызды. Ауа циркуляциясы бар пеште өнім жақсы шығады.

Егер пеште циркуляция болмаса, түбіне қайнаған суы бар ыдыс қойыңыз. Шамамен 15 минуттан кейін іште ылғалды жылы ауа пайда болып, өнімнің көтерілуі жақсарады.

Есте сақта!

  • Пісіру барысында пештің есігін ашып қарамаңыз — қамыр отырып қалады.
  • Пешті тек қамыр көтеріліп, қатты қабық пайда болғаннан кейін ғана ашыңыз.
  • Қайнақты қамырды алдын ала дайындап қоймайды.

Қайнақты қамырдың сапасын анықтау

  • Дайын қамыр жылтыр, қою әрі жұмсақ болуы керек.
  • Табаға сығып шығарғанда жайылып кетпеуі тиіс.
  • Дұрыс дайындалған қамыр табаға түскенде сәл ғана жайылып, пісіргенде іші кеуектеніп жақсы көтеріледі.
  • Тығыз қамыр қиын көтеріледі, ал тым сұйық қамыр қатты жайылып кетеді.

Сайыс кезеңдері

III кезең — “Мағынаны ашу”

  • Тірек ұғымдар: қайнақты қамыр, қайнақты қамырдан жасалатын пирожный.
  • Тапсырма: эклердің технологиялық картасын сызу (интерактивті тақтада).

IV кезең — “Менің үш құпиям”

Топ басшылары сайысы: үш пәнді таңдап, сол пәндер бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап — 1 жұлдызша (1 ұпай).

Биология

Тамақта не жетіспесе баланың дамуы тежеледі, денсаулық әлсіреп, еңбекке қабілет төмендейді?

Жауап: ақуыз

Музыка

Дастарқанға байланысты қандай әндерді білесің?

Жауап: “Қазақы дастарханым”, “Дастархан-ау, дастархан”

География

Төрт түліктің киелісі — түйе малының шыққан жері?

Жауап: Орта Азия, Қазақстан

Бейнелеу өнері

“Дастарқан” натюрмортының авторы кім?

Жауап: Айша Ғалымбаева

Математика

Ертеде ақылды әйел үйін және малын ұрылардан қалай аман алып қалған?

“Сапырып-сапырып Сарманға бер, құйып-құйып Құрманға бер, төрдегі төртеуге бер, есіктегі екеуге бер” — деп аман алып қалған.

Әдебиет

Қымыз туралы жырлаған, бір ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім?

Жауап: Ж. Жабаев

V кезең — “Мақалдың жалғасын тап”

Тапсырма: мақал-мәтелдердің жалғасын табу (топтық жұмыс).

Қорытынды бөлім

Үй жұмысы: “Қайнақты қамыр” тақырыбын оқу, қайнақты қамыр дайындап көру.

Бағалау: оқушылардың жұмысы жұлдызша/ұпай саны бойынша бағаланады.

Технология пәні мұғалімі: Жанисова Жазира Сұлтанбекқызы