Педагогтарды жағымсыз психоэмоционалды күйін реттеу тәсілдерімен таныстыру

Психологиялық тренинг бағдарламасы

Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы

Бұл тренинг педагогтердің психоэмоционалды күйін реттеу дағдыларын дамытуға, эмоционалды қажудың алдын алуға және кәсіби қарым-қатынас мәдениетін нығайтуға бағытталған.

Қатысушылар

Педагогтер тобы (15–20 адам)

Құралдар

Магнитофон, музыка

Ұзақтығы

15–20 минут

Мақсаты

  • Психоэмоционалды күйді реттеу дағдысын қалыптастыру.
  • Педагогтердің эмоционалды қажуының алдын алу.
  • Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.

Міндеттері

  • Жағымсыз психоэмоционалды күйді реттеу тәсілдерін меңгерту.
  • Педагогтің тұлғалық және жағдаяттық қобалжуын төмендету.
  • Өзін-өзі бақылау және қолдау мәдениетін күшейту.

Барысы

Кіріспе

Жүргізуші қатысушыларды жылы қарсы алып, барлығы бірге айтуын сұрайды: «Мен сіздермен қауышқаныма ризамын!»

1

«Ха» тыныс алу жаттығуы

  1. 1 Қатысушылар дөңгелене тұрып, аяқтарын иық деңгейінде орналастырады. Қолды белден төмен ұстайды.
  2. 2 Терең дем алып, қолды басынан жоғары көтереді.
  3. 3 Демді қысқа уақыт ұстап тұрып, дем шығарғанда тез алға еңкейеді де, қолды өзінен алға қарай сермеп, анық әрі еркін түрде «Ха!» деп айтады.

Мақсаты: кернеуді түсіру, тынысты реттеу, денедегі қысымды босату.

2

«Би» — қол ұстасып жүру жаттығуы

Қатысушылар шеңберге тұрып, қол ұстасады. Музыка қосылады. Бір сәттен кейін қатысушылар музыка ырғағына ілесіп қозғалады: ортақ ритмді сезініп, өздерінің жеке қимылдарын да жалпы биге үйлестіреді.

Мақсаты: бірігу сезімін күшейту, еркіндік пен шығармашылық белсенділікті арттыру.

3

«Тілек айту» жаттығуы

Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ бір-біріне тілек айтады, бірақ әртүрлі эмоциялық реңкпен:

  • 1-топ — күліп, көтеріңкі көңіл күймен;
  • 2-топ — жылап, мұңды реңкпен;
  • 3-топ — ұрысып айтқандай, қатқыл реңкпен.

Мақсаты: эмоцияның сөз қабылдауға әсерін байқау, қарым-қатынастағы тон мен тәсілдің маңызын түсіну.

4

«Ақ және қара айна» тренингі

Қатысушылар кезекпен екі айнаға жақындайды:

Ақ айна

Өзінің жақсы қасиеттерін, мақсаттарын, армандарын және тілектерін дауыстап айтады.

Қара айна

Өзі байқап жүрген жағымсыз мінез-құлықтарын немесе өзгерткісі келетін әдеттерін атап өтеді.

Мақсаты: өзін-өзі тану, шынайы қабылдау және ішкі ресурсты күшейту.

Талдау (рефлексия)

  • Қай жаттығу сізге қиын болды?
  • Егер қиын болса, нақты қай тұсында қиындық сезілді?
  • Өзіңіз үшін қандай ой немесе тұжырым алдыңыз?

Қорытынды

Қатысушыларға стикерлер таратылады. Әр адам бір-біріне, мектебімізге арнап жылы тілектерін және бүгінгі тренинг туралы ойын жазады. Сонымен қатар, өз көңіл күйін және тренингтен алған әсерін қысқаша белгілейді.

Сөйлем басы (үлгі)

Бүгін мен…

Бүгін маған…

Жазылған стикерлер арнайы «тілек ағашына» жапсырылады. Барлығы аяқтағаннан кейін қатысушылар тілектерді дауыстап оқиды. Қағаздар жыртылмайды — мектепте естелік ретінде сақталады. Соңында қатысушылар бір-біріне қол соғып, тілектердің орындалуын тілей отырып, тренингті аяқтайды.

Автор туралы мәлімет

Мекеме

Қызылорда қаласы, №8 орта мектеп

Лауазымы және авторы

Педагог-психолог: Жасақбай Камила Жасақбайқызы

Ескерту: Материал педагогтерге арналған психологиялық тренинг ретінде пайдалануға ұсынылады.