Балалар мына суреттерде қандай жемістер
Мақсаты
- Балаларды қағаздан әртүрлі бұйымдар жасауға үйрету.
- Қағазбен жұмыс істеу техникасын меңгерту.
- Сабаққа қызығушылықты арттыру.
- Достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ынталандыру, сезімді ояту
Тәрбиеші балаларды амандасуға шақырып, қысқа өлең жолдарын айтады:
Қане, балалар, бәріміз амандасайық:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін, дәмдісін
Анамызға сыйлайық!
2) Ізденісті ұйымдастыру: тосын сәт
Есік қағылады. Ішке бағбан атай кіреді.
Бағбан атай: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен бағбан атаймын. Менің себетім сынып қалды. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, әрине!
Сұрақ
Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап: Күз мезгілі.
Сұрақ
Ауа райы қандай?
Жауап: Суық, жаңбырлы.
Күз туралы әңгіме
Күз айында астық жиналады. Көкөніс, жеміс-жидек піседі. Оларды көп еңбектің арқасында аламыз: егеміз, суарамыз, баптап күтеміз, піскен соң жинаймыз.
Талқылау сұрақтары
- Суреттерден қандай жемістерді көріп тұрмыз?
- Дәмі қандай? Түсі қандай? Пішіні қандай?
- Анамыз базардан жеміс әкелгенде оны қайда саламыз?
Балалар: Себетке саламыз.
Тапсырма
Ендеше қағаздан себет жасаймыз және бағбан атайға көмектесеміз. Жарай ма? Әрине!
3) Практикалық жұмыс: себет жасау
Қауіпсіздік ережелері
- Қайшымен жұмыс істегенде абай болу, бір-біріне қаратып ұстамау.
- Желімді аз мөлшерде пайдалану, қолды таза ұстау.
- Жұмыс орнын жинақы ұстау.
Жұмыс реті
- 1 Түс таңдап алу.
- 2 Үлгі (бейне) бойынша себетті бастыру.
- 3 Себет бөлшектерін мұқият қиып алу.
- 4 Қағаз бетіне орналасу бірізділігін сақтап, жапсыру.
Балалар жұмысты қызығушылықпен орындайды. Тәрбиеші әр балаға қолдау көрсетіп, орындау ретін еске салып отырады.
4) Ойын: «Бөлігін тап»
Тәрбиеші тақтаға бөлшектенген жемістердің суреттерін орналастырады. Балалардың міндеті — сол жемістердің бөліктерін тауып, дұрыс құрастыру.
5) Сергіту сәті
1 — дегенде тұрайық.
2, 3, 4 — дегенде алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Біз шынығып алайық.
Тәрбиеші балаларды орындарына отырғызып, бағбан атайдың да бірге қайталауына мүмкіндік береді.
6) Ойын: «Жемістер жинау»
Ойынды бағбан атай ұйымдастырады: «Қане, балалар, жасаған себетімізге жемістерді салайық». Балалар дайын себеттеріне жемістерді орналастырып, жұмыс нәтижесін көрсетеді.
7) Қорытынды және бағалау
Мадақтау
Балалардың еңбегі атап өтіледі, белсенділігі мадақталады.
Қорытындылау
Күзгі өнім, еңбек және бір-біріне көмектесу туралы ой түйінделеді.
Бағалау
Жұмыстардың ұқыптылығы мен бірізділігіне назар аударылады.
Қоштасу шеңбері
Тәрбиеші балаларды үлкен шеңбер құруға шақырып, бағбан атаймен қоштасу сөздерін айтады:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!