Бірыңғай мүшені көрсет
Сабақ тақырыбы
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Сабақ мақсаты
- Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсіндіру.
- Сөйлем мүшелері бойынша алған білімді бекіту, тіл байлығын дамыту.
- Көркем шығармадан кейін туған жер, қоғам туралы өзіндік пікір қалыптастыруға тәрбиелеу.
Қосымша материалдар
- «Туған жер» тақырыбына арналған плакаттар
- Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне арналған схемалар
- Үлестірме қағаздар
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақ тілі оқулығы (8-сынып)
- Ә. Исабаев — «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері»
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)
Сыныптың оқу үдерісіне дайындығын тексеру, жағымды көңіл күй қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырып бойынша сұрақтар арқылы білімді еске түсіру, мысал келтіріп, сөйлем талдау.
Қайталау сұрақтары
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш қандай мүше?
- Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш дегеніміз не?
- Шығармаларды оқып, мысал келтіру.
Сөйлем талдауға үлгі
XV ғасырда Күлтегін ескерткішіне мынадай жолдар жазылған:
Үзінді
Қызыл қанымды ағыздым, Қара терімді төктім. Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым. Тізеліні бүктірдім, Бастыны еңкейттім — Түрік болғаным үшін.
Бұл жай сөйлем құрамында сөйлем мүшелері бір-бірден келуі мүмкін. Алайда сөйлемде бір мүше сан жағынан біреу ғана емес, екі не одан да көп болып, бірыңғайланып айтылуы ықтимал.
III. Жаңа сабақ: Бірыңғай мүшелер
Анықтама
Бірыңғай мүшелер — өзара салаласа байланысып, біркелкі дауыс ырғағымен айтылатын; ортақ бір сұраққа жауап беретін; әдетте бір сөз табынан жасалатын, кейде жалғаулықсыз, кейде жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын мүшелер.
Мысалдар
- Қазақтың ақын-жазушылары Қазақстанды сай-бұлағынан бастап тау-қыратына дейін жырлап өткен, бүгін де жырлап келеді.
- Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззат сынды тұлғаларымыз әлемге танылды.
- Мен туған жердің түнін, күнін, өзенін, тауын, гүлін сүйемін.
Өлең жолдарынан
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін.
Қазақстанның әрбір азаты өз елінің бақыты үшін, абыройы үшін, даңқы үшін, бостандығы үшін күресетінін мақтан тұтамын.
Оқулықпен жұмыс
Шарты: сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді табыңыз.
- Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.
- Барлық өмір, тіршілік — жастан оқуға, білімге талпынып оқығандық.
- Рақмет әрбір сөйлемді ерінбестен, жалықпастан аударып отырды.
- Таңертең аудандық баспасөз қоғамының бір қызметкері осы үстелдің үстін неше түрлі жаңа кітаптармен, газет-журналдармен, қалам-қарындаштармен, блокнот-дәптерлермен толтырып кетті.
Жаттығулар жұмысы
Мұғалім дайындаған бірнеше тапсырманы оқушылар өз бетінше орындайды.
Кім тез сөйлем құрайды?
- Қызыл, сары, ақ…
- Кітап, газет, журнал…
- Қой, сиыр, жылқы…
- Қобыланды, Алпамыс, Қамбар…
- Бұл жұмыс …, …, … керек етеді.
Талдау сұрақтары
- Бірыңғай мүшелер қай сөз табынан жасалған?
- Сөйлемде қай мүшенің қызметін атқарып тұр?
IV. Сабақты бекіту
Негізгі сұрақтар
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
- Бірыңғай мүшенің басты белгілерін атаңыз.
- Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері қандай?
- Бірыңғай мүшеге мысал келтіріңіз.
- Бірыңғай мүшелердің сұрақтары қандай?
Түйін
Бірыңғай мүшелер сөйлемде ойды нақтылап, мазмұнды байытады: бір сұраққа жауап береді, бір қызмет атқарады, көбіне интонация арқылы немесе жалғаулықтар арқылы байланысады.
V. Үй тапсырмасы
- §34. «Бірыңғай сөйлем мүшелері» тақырыбын оқу.
- «Менің Қазақстаным» тақырыбында бірыңғай мүшелерді кірістіре отырып шығарма жазу.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.