Жалғасын тап

Сабақтың мақсаты

Өткен тақырыптарды қайталау арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеру.

Білімділік

Табандылықпен шешім қабылдау, оны дәлелдеу және логикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы білімді арттыру.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, шапшаң ойлауға және ойды жинақтап, анық жеткізуге үйрету.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Көрнекілігі
Интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаз, маркер, бейнекөрсетілім.
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • 5-сыныптардан екі топ құрылады.
  • Әр топта 6 оқушы болады.
  • Сайыс 8 бөлімнен тұрады.
  • Бағалау ұпай арқылы жүргізіледі: тез әрі толық жауап берген топ жоғары ұпай алады.

Сайыс бөлімдері (8 бөлім)

  1. 1) Назар аударыңдар!
  2. 2) Ребустар
  3. 3) Сөзжұмбақ
  4. 4) Ерекшелігін тап
  5. 5) Басқатырғыш
  6. 6) Ал, қанеки, шешейік!
  7. 7) Жалғасын тап!
  8. 8) Ойлан тап!

1) Назар аударыңдар!

«Өзін-өзі тану» пәніне байланысты өсиет әңгіме бейнекөрсетілім ретінде ортасына дейін көрсетіледі. Әр топ әңгіменің соңын өз нұсқасымен аяқтайды. Кейін әңгіме толық нұсқада көрсетіліп, әділқазылар бағасын береді.

2) Ребустар

Оқушыларға ребус ұсынылады, оны дұрыс шешкен топ ұпай жинайды.

3) Сөзжұмбақ

Оқушылар сөзжұмбақты шешіп, жауаптарын дәлелдейді.

4) Ерекшелігін тап

Екі сурет беріледі. Тапсырма: суреттердің арасынан 5 айырмашылықты табу.

5) Басқатырғыш

Бұл бөлімде оқушылардың ойлау қабілеті мен шапшаңдығы тексеріледі: шиден құрастырылған балықтың 3 шиін орын алмастыру арқылы балықты қарсы жаққа бұру қажет.

6) Ал, қанеки, шешейік!

Оқушыларға жұмбақтар ұсынылады:

  1. 1. Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп)

  2. 2. Қабы сояу, діні — бояу. (Қарындаш)

  3. 3. Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)

  4. 4. Бір санға өсірді, өзі қалып орнында, бізді алға көшірді. (Класс)

  5. 5. Оқуыма төреші, тоқуыма төреші. Парақтасам байқалар білімімнің өресі. Онда және жазылған, кестем де бар келесі. (Күнделік)

  6. 6. Түсі аппақ, тысы қатты-ақ, екі түрлі уызы, жесең тәтті-ақ. (Жұмыртқа)

  7. 7. Бұлтты айналды аспандағы, қарға айналды асқардағы. (Су)

  8. 8. Сақтауға, сатуға болмайды; күймейді, тіпті де тоңбайды. Дымы жоқ, үні жоқ, мұңы жоқ. Көріп пе ең, апыр-ай, мұндайды?! (Көлеңке)

7) Жалғасын тап!

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу тапсырмасы:

  • Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер.
  • Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.
  • Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
  • Бірлік болмай, тірлік болмас.
  • Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.
  • Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
  • Жылтырағанның бәрі алтын емес.
  • Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
  • Сабыр түбі — сары алтын.

8) Ойлан тап!

Тапсырма: берілген суреттен неше жылқы бейнеленгенін анықтау.

Ескерту: бұл бөлімде сурет қажет. Сурет енгізілгеннен кейін оқушылар көзбен шолып, жасырын бейнелерді де есептейді.

Қорытынды

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталады.