Алтынбай Әділет Бүгін кімнің туған күні, Кімге бүгін сый құрмет

Сценарий утренника: Көктемнің алғашқы мерекесі — 8 Наурыз

Бұл сценарий 8 Наурыз мерекесіне арналған. Бағдарламада жүргізушінің құттықтауы, балалардың тақпақтары, ән мен би, сондай-ақ көңілді кейіпкер — Микки Маустың қатысуымен өтетін «телебағдарлама» форматындағы бөлім бар.

Жүргізушінің құттықтауы

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, әріптестер! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі — 8 Наурыз. Баршаңызға мереке құтты болсын!

Жігіттердің кіріспе номері

Жігіттер ортаға шығып, рэп айтып, би орындайды.

Алтынбай Әділет

Бүгін кімнің туған күні,
Кімге бүгін сый-құрмет?
Кімдер үшін құлпырады,
Қыр гүлдері керемет?

Санжар

Кім үшін, кім үшін —
Дәл ойланып табыңыз.
Гүлдер де, құрмет те —
Аналар, сіздерге!

Күлкілі эпизод: «Қыздар қайда?»

Асфандияр

Достар, біздің қыздар қайда? Оларсыз мерекені қалай бастаймыз? Әлде сендер оларды ренжіттіңдер ме? Мойындаңдар, қыздарды ренжіттіңдер ме?

(Барлығы: «Жоооқ!»)
Шаштарынан тартып, мазақ қылдыңдар ма?
(Барлығы: «Жоооқ!»)

Жақсы, онда оларды іздеп көрейік.

Барлығы бірге: Дұрыс айтасың, барлығымыз бірге іздейік. Жан-жаққа қоңырау шалайық.

Ильяс (дүкенге қоңырау)

Алло, бұл дүкен бе? Сіздерге балабақшадан қыздар келмеді ме? Жоқ па? Кешіріңіз!

Асфандияр (сұлулық салонына)

Алло, бұл сұлулық салоны ма? Сіздерге балабақшадан қыздар келді ме? Келді ме? Шаштарын сәндеді ме? Олар қайда кеткенін білесіздер ме? Ательеге? Ательеге кетіпті.

Ақбердинов Ә. (ательеге)

Алло, кешіріңіз, сіздерге балабақшадан қыздар келді ме? Келді ме? Көйлектерін алып кетті ме? Қайда кеткенін білесіз бе? Балабақшаға ма? Ой, рақмет сізге!

Ернұр

Достар! Біздің қыздар келе жатқан сияқты. Оларды үлкен қошеметпен қарсы алайық!

Сахналық ескертпе: балалар екі жаққа бөлініп тұрады. Қыздар жартылай шеңбер жасап, арасына орналасады. Арасынан балалар шығып, тақпақтарын айтады.

Балалардың тақпақтары

Иманәлі

Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп, дем алам,
Құшағыңда қысылмай.

Балнұр

Ана — біздің күніміз,
Ана — біздің гүліміз.
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Жамал

Сегодня с праздником весны
Спешим мы вас поздравить!
Ах да! Забыли поцелуй
Воздушный вам отправить!

(Әртістік әрекет: «әуе сүйіс» жібереді.)

Хор

«Мамин праздник»

Сахналық ескертпе: балалар орындарына жайғасады.

Микки Мауспен телебағдарлама

Жүргізуші

Тыңдайықшы… Бір көңілді әуен естіледі. Бұл кім болды екен? Қонақтардың бәрі келіп болған сияқты еді ғой?

Сахналық ескертпе: әуенмен залға Микки Маус кіреді.

Микки

Қыздар — сәлем, ұлдар — привет! Қайырлы күн, ата-аналар!

Жүргізуші

Сәлеметсің бе, қымбатты Микки! Сен қайдан келіп қалдың? Келгенің жақсы болды, қуанып қалдық.

Микки

Мен де өте қуаныштымын. Балалар, басымыз қосылып қалған екен — ендеше бірге отырып мультфильм көрейік!

Жүргізуші

Тоқта, қайдағы мультфильм? Бүгін бізде мереке — 8 Наурыз! Қарашы, қанша қонақ жиналып отыр. Біздің балалар аналар мен әжелерге арнап мерекелік нөмірлер дайындаған.

Микки

Онда былай етейік: мен тележүргізуші болайын. Ал сіздің балаларыңыз әртістер болсын!

Жүргізуші

Жақсы ой! Балалар, мерекелік телебағдарламаға қатысуға келісесіңдер ме? Ендеше, Микки, тележүргізуші орнына отыра ғой.

Сахналық ескертпе: Микки «теледидардың» алдына орналасады.

Микки — эфирде

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер: аналар мен әжелер, әкелер мен қарындастар! Бүгін мерекелік күнге орай «Бегім Ана» балабақшасының «Балапан» телеарнасы қыздар мерекесіне арналған бағдарламасын ұсынады.

Әлі оянбаған көрермендерімізді бізбен бірге билеуге шақырамыз!

Нөмір: көңілді би (барлық балалар орындайды).

Микки

Жарайсыңдар, балалар! Мерекелік бағдарламамызды жалғастырамыз.

«Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиынынан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр болсын айналасы…»

Кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз. Қабыл алыңыздар!

Қорытынды тақпақтар

Тамерлан

Бала, бала, «бала» деп,
Мені өсірген анашым.
Гүлге толсын құшағың,
Бақытты бол, анашым!

Малика

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен-кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.

Владик

В этот день, 8 марта,
Поздравляем милых дам.
Мы вас любим, обожаем
И желаем счастья вам!

Балауса

Много радости, здоровья,
Быть красивыми всегда,
Чтоб счастливая улыбка
Не сходила бы с лица!

Көктемнің алғашқы мерекесі — 8 Наурыз құтты болсын! Аналарымыз аман, әжелеріміз сау, отбасымыз берекелі болсын.