Оқушы құралы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
«Ең кішкентай математик» (танымдық ойын-сабақ)
Түрі
Танымдық ойын-сайыс сабақ
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Ізденушілік
- Ойын
- Ойландыру
- Құрастыру
Көрнекіліктер
- Сөзжұмбақ
- Интербелсенді тақта
- Ертегі есеп
- Өлең-есеп
- Слайд
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың математикалық білімдерін тексеру, алған білімдерін пысықтау және тереңдету.
Дамытушылық
Өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақ, жұмбақ және логикалық тапсырмаларды шешу арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықты арттыру, өз ойын еркін айтуға үйрету, ауызбіршілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 3–4-сыныптар арасында өтетін «Ең кішкентай математик» ойын-сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайыстың негізгі мақсаты — әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларын орындау арқылы алған білімді пысықтау және одан әрі тереңдету.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қосылады. Ең көп ұпай жинаған оқушы «Ең кішкентай математик» номинациясына ие болады.
Өлең жолдары
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
(Әділқазылар алқасымен таныстыру)
Орыс ғалымы М. Ломоносов: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика», — деген. Ендеше, бүгін сендер математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысасыңдар.
Сайыс барысында ұқыпты болып, ойларыңды жинақтап, тәртіпті сақтағандарың жөн.
Топтарға бөлу
Топтар сайысқа түспес бұрын берілген қиықтардан фигура құрастырады: үшбұрыш және төртбұрыш.
I топ
«Үшбұрыш» тобы
II топ
«Төртбұрыш» тобы
Топтарды ортаға шақыру
Ой-арманын кешетін,
Ақылды болып өсетін.
Есепке тұнған әлемнің
Жұмбақ сырын шешетін,
Білімділер келді ортаға!
II. Негізгі бөлім
1) Сөзжұмбақ шешу
- 1 Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш.
- 2 Үштің квадраты.
- 3 Оқушының құралы.
- 4 Баспана.
- 5 45 + 45.
- 6 Шексіз сызық.
2) Мақал-мәтелдер (I топ — «Үшбұрыштар»)
Төмендегі мақал-мәтелдерді толықтырыңдар.
- 1. Айла — ..., ақыл — ....
- 2. Оқығанның көзі ....
- 3. … тентек кездессе, төбелеспен тарқайды. … мылжың кездессе, ерегіспен тарқайды. … жақсы кездессе, елжіресіп тарқайды.
- 4. … қошқардың басы … қазанға сыймас.
- 5. Семіздің аяғы ….
- 6. … қойдың терісі — тон шықпаған Толағай. … қойдың терісі — жең шықпаған Толағай.
- 7. Қойға … құлағынан басқа бәрі жау.
- 8. Ешкі қырыққан сайын … өледі, ер жігіт ұялған сайын … өледі.
- 9. … аяқтыда — бажа тату, … аяқтыда — бота тату.