Оқушыларды желтоқсан құрбандарымен таныстыру, желтоқсанға қатысқан аға - апайлардың ерлігі туралы айту

Тәуелсіздік – тұғыры

Бұл тәрбие сағаты Тәуелсіздік күніне арналады. Мақсаты — ел тарихын тереңірек түсіндіру, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызын ұғындыру және тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлер мен қыздардың ерлігін қастерлеу.

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Оқушыларды Желтоқсан құрбандарымен таныстыру, оқиғаға қатысқан аға-апайлардың ерлігі туралы айту, еліміздің тарихы туралы түсінік беру.
  2. 2 1986 жылғы 16 желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерлігін еске алу, есте сақтау қабілетін дамыту.
  3. 3 Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың көрнекілігі

  • Желтоқсан құрбандарының суреттері
  • Мақал-мәтелдер жазылған плакаттар
  • Қазақстан Республикасының рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран) бейнелері

Тәрбие сағатының құрылымы

І. Кіріспе

Тәуелсіздік туралы ой қозғау, тарихи жадыны жаңғырту, Желтоқсан оқиғасының сабақтастығын түсіндіру.

Кіріспе сөз

Біз қазақ мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке кетпесін деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Асқақтаған хан болса,

Хан ордасын таптай білген елміз!

Құрметті мұғалімдер мен оқушылар, баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бүгін «Тәуелсіздік – тұғыры» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп күрескен ата-бабаларымыздың арманы бүгін ақиқатқа айналды. Сол ерлік дәстүрі ХХ ғасырдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты.

Ой қозғау сұрағы

Балалар, «Желтоқсан» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

Шеру Қазақстан Милиция Мұз 1986 жыл Желтоқсан алаңы Қайрат Рысқұлбеков Тәуелсіздік Қару Жастар

Тарихи түйін

1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары өз елінің тәуелсіздігін талап етіп алаңға шықты. Олар бұл қадамға еріккеннен немесе еліккеннен барған жоқ — саналы түрде мақсат қойып шықты.

Шеруге шыққан жастарға «бұзақы», «нашақор», «ұлтшыл» деген негізсіз айып тағылды. Көптеген студенттер оқу орындарынан шығарылды. Бостандық үшін күрес жолында жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды.

Алғашқы құрбандар

  • Қайрат Рысқұлбеков
  • Ләззат Асанова
  • Сабира Мұхамеджанова
  • Ербол Сапатаев

Бұл есімдер — ерліктің символы. Олардың рухына тағзым ету — бәріміздің парызымыз.

Үнсіздік минуты

Батырлардың рухын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялайық.