Ұлттық аспаптар

Сабақ тақырыбы

Ұлттық аспаптар. Етістіктің шақтарын қайталау.

Пән

Қазақ тілі (9-сынып)

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Музыка, Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақ халқының ұлттық аспаптарымен танысу арқылы етістіктің шақтарын қайталап, білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық

Тақырыпты талдай отырып, оқушылардың еркін сөйлеуін, өз ойын жеткізуін және жазу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Қазақ тілі пәні арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа және белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақ әдістері мен ресурстары

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Пікір алмасу
  • Талдау
  • Баяндау
  • Тақтамен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар, сызбалар, суреттер
  • Музыкалық аспаптар көрмесі
  • Кітап көрмесі
  • Оқулық, тақта

Ашық сабақ құрылымы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    2 минут

  2. 2) Үй тапсырмасын сұрау

    5–7 минут

  3. 3) Жаңа тақырыпты түсіндіру

    15–20 минут

  4. 4) Сабақты қорытындылау

    5–7 минут

  5. 5) Бекіту сұрақтары

    5–7 минут

  6. 6) Үйге тапсырма беру

    2 минут

  7. 7) Бағалау

    2 минут

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау және бақылау парақшаларын тарату
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2) Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)

Оқушылар, қандай белгілі күйші-композиторларды білесіңдер?

Дина Нұрпейісова кім? Оның қандай күйлері бар?

Нұрғиса Тілендиевті танимыз ба? Оның қандай шығармалары бар?

Дәулеткерей Шығайұлын білеміз бе? Білсек, оның қандай күйлері бар?

3) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қазақ халқымыздың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер? (Домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ және т.б.)

Күйді қандай аспаппен ойнауға болады? Күйлердің қандай түрлерін білесіңдер? Күйлерді кімдер шығарады?

Дәптерлеріңді ашып, күнін, айын және тақырыпты жазыңдар. Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі жаңа сөздермен танысайық.

Жаңа сөздер

Слайдта берілген сөздерді алдымен мұғалім, кейін оқушылар мәнерлеп оқиды.

Үн
звук, голос
Көзбе-көз
с глазу на глаз
Үрмелі аспап
духовой инструмент
Дабылды (шулы) аспап
тревожно-шумный инструмент
Жіктеу
классифицировать
Ішекті аспап
струнный инструмент
Сарнамалы аспаптар
заунывные инструменты
Күйші
создатель и исполнитель кюя
Дарынды
одаренный
Өнер
искусство

Аспап атаулары:

Домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, дабыл, асатаяқ, сырнай.

Жуан дауысты сөздер

Оқып шығу тапсырмасы

Жіңішке дауысты сөздер

Оқып шығу тапсырмасы

Музыкалық аспаптарды таныстыру

Мұғалім аспаптарды атап, сызба (слайд) арқылы түсіндіреді.

Домбыра

Домбыра — қағып-шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыраның бірнеше түрі бар: тек сыртқы пішіні ғана емес, ішек пен перне саны да әртүрлі болады. Қазіргі кезде негізінен екі ішекті домбыра кең тараған, алайда үш ішекті домбыра да кездеседі. Қазақстанның әр өңірінде домбыраның сан алуан нұсқалары пайдаланылады.

Мысал

Құрманғазы — «Ақсақ құлан»

Қобыз

Қобыз — ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойыны имек келеді. Ойнау тәсілі ерекше: сол қол саусақтарының тырнақ жағын ішекке тигізу арқылы дыбыс шығарылады. Шанағы терімен қапталады, ал ысқышы мен ішектері жылқы қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланып, адам емдеуге қолданған.