Топ басшы сайлау
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларға сөйлем және жырау туралы түсінік беру, шығармашылыққа баулу.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу, бір-бірін құрметтеуге үйрету.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу
- Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
- Сабаққа назар аударту, даярлау
Психологиялық ахуал
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз —
Кілең «бестіктер» болсын.
Топқа бөлу және ереже
1-топ
Зат есім
2-топ
Етістік
3-топ
Сын есім
4-топ
Сан есім
Топ басшысын сайлау
Әр топ өз көшбасшысын анықтайды. Көшбасшы топ жұмысын үйлестіреді және қорғауды жүргізеді.
Топ ережелері
- Топ басшысының нұсқауын орындау
- Тыныштық сақтау
- Сабаққа белсене қатысу
- Бір-бірін сыйлау
Әр топтан бір оқушы тұрып ережені айтады, қалғандары сол ережеге қатысты бір-бір мысал келтіреді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
146-жаттығу
Сұрақ-жауап арқылы бағалауӘр топтан бір оқушы екі сөйлемнен оқиды, талдау жасайды. Жауаптар сұрақ-жауап тәсілі арқылы бағаланады.
III. Мақсат қою
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады: «Сөйлем».
IV. Жаңа сабақ: «Сөйлем»
Түсіндіру
- 1 Сөйлем сөздерден құралады.
- 2 Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.
- 3 Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
- 4 Сөйлем соңына нүкте, сұрақ белгісі немесе леп белгісі қойылады.
Сөйлемнің түрлері
1
Хабарлы сөйлем
Марат мектепке барды.
2
Сұраулы сөйлем
Самал сабақтан келді ме?
3
Лепті сөйлем
Алақай, ағам келді!
Оқулықпен жұмыс: 148-жаттығу
- Сөйлем соңында дауыс кідірісін сақтап оқу.
- Әр сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтау.
- Сөздердің бөлек жазылатынын байқату.
Қыс келді.
Көктем келді.
Күн жылынды.
Қар еріді.
Жылғалардан су ақты.
Өзендер тасыды.
Мал төлдеді.
Жылы жақтан құстар ұшып келді.
Сергіту сәті
«Аяқпенен топ-топ-топ» қимыл-қозғалыс жаттығуы орындалады.
Дәптермен жұмыс: 149-жаттығу
Орындары ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
Берілген сөздер
- Ойнады балалар жасырынбақ.
- Амантай қалды арыққа жата.
- Тығылды қалқасына Сәуле теректің.
- Жамал бастады іздей оларды.
Күтілетін нәтиже
- Сөздердің ретін дұрыс қою
- Сөйлемнің мағынасы толық шығуы
- Емле, тыныс белгілерін дұрыс қолдану
V. «Жырау» тақырыбы
Түсінік
Жырау — өзі ақын, өзі жыр шығарып, оны халыққа жеткізетін тұлға.
Белгілі жыраулар
Ақтамберді жырау, Шалкиіз жырау, Бұқар жырау және т.б. (суреттер арқылы таныстыру).
Оқулықпен жұмыс
«Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.»
Бұқар жырау
Өлеңді мұғалім оқып, мазмұнымен таныстырады. Кейін оқушылар кезекпен мәнерлеп оқиды.
Топтық жұмыс (мақалға сүйеніп)
«Жақсылық» пен «жамандық» ұғымдарын салыстыру және жүйелеу.
1-топ
Венн диаграммасы
Жақсы мен жаманды салыстыру.
2-топ
Мақал-мәтел жазу
Тақырыпқа сай бірнеше мысал келтіру.
3-топ
Кластер әдісі
Ұғымдарды тармақтап жүйелеу.
4-топ
Шығарма жазу
Тақырып бойынша шағын мәтін құрастыру.
Әр топ басшысы шығып, жұмыстарын қорғайды.
VI. Жұмбақтар
1) Өзім сөзден тұрамын,
Біткен ойды құрамын.
Жауабы: Сөйлем
2) Сөзді құрап доп түземін,
Қоя қалсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.
Жауабы: Хабарлы сөйлем
3) Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөзді қалап тұрады.
Жауабы: Сұраулы сөйлем
4) Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты,
Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.
Жауабы: Лепті сөйлем
VII. Қорытындылау
Сұрақ-жауап арқылы білім бекітіледі:
- 1 Сөйлем неден құралады?
- 2 Сөйлем дегеніміз не?
- 3 Сөйлемнің қандай түрлері бар?
«Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.»
Ж. Баласағұн
Белсенді қатысқан топтар мен оқушылар мадақталып, бағаланады.
Қорытынды бағалауVIII. Үй тапсырмасы
«Жырау» тақырыбындағы өлеңді жаттап келу.