Абай өлеңдері

Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй…»

Сабақтың мақсаты

  • Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылық мұрасымен таныстыру.
  • Абайдың ақын, аудармашы, лирик, композитор екенін дәлелдейтін мысалдар келтіру.
  • Әдеби тұлғаларды сыйлау мен құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Абайдың портреті кітапшалар Абай еңбектері үнтаспалар әндер

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.

Балалар, бұл қай ақынның өлеңі?

Ендеше, бүгін «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй…» деген ой өзегінде Абай Құнанбаев туралы сыр шертеміз. Алдымен Абай Құнанбаевтың өмірбаянына құлақ түрейік.

Мұхтар, Азиза

I. Абайдың өлеңдері

Мұғалімнің сөзі

Абай өлеңі өзіне тән талап пен шарт қояды. Ақынның:

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,

— дегеніндей, ендігі кезекті Абайдың табиғат лирикасына берейік.

Оқылатын өлеңдер

  • «Күз»
  • «Қыс»
  • «Жазғытұры»
  • «Жаз»

Абай — композитор, сазгер

Ұлы ақын әрі ағартушы Абай саз өнері саласында да өшпес мұра қалдырды. Ол кезеңде музыкалық шығармаларды жазып қалдыратын жүйелі жазба мәдениет қалыптаса қоймаған. Соған қарамастан, Абай әндері халық жадында сақталып, ауыздан ауызға көшіп, дәуірден дәуірге жетіп, бүгінге дейін келді.

Балалар, Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

«Көзімнің қарасы» «Желсіз түнде жарық ай» «Айттым сәлем, Қаламқас» «Қараңғы түнде тау қалғып» «Сегіз аяқ»

Тыңдалым: «Көзімнің қарасы»

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй…» демекші, енді Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдайық.

Ән мәтіні

Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.

Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.

Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзің де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.

II. Абайдың аудармалары

Мұғалімнің сөзі

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым — кінә қойма.

Қазақ топырағында дамыған реалистік аударма дәстүрі Абайдан бастау алады. Аударма әдебиетінің өрістеуіне де Абайдың ықпалы зор. Ендеше, Абай аудармаларына кезек берейік.

Көрініс

«Шегіртке мен құмырсқа»

III. Абайдың қарасөздері

Мұғалімнің сөзі

Абайдың 1890–1898 жылдары жазған ірі прозалық мұрасы — «Қарасөздер». Абайдың 45 қарасөзі бар. Кейін 1933 жылы М. Әуезов қарасөздерді өңдеп, жүйелеп, жеке басылым етіп шығарған. Қарасөздер — көркем әңгіме емес, терең ой мен тағылымға құрылған даналық сөздер.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Осы ойды жалғап, Абай шығармаларынан тағы бір туындыға кезек берейік.

Өлең

«Ғылым таппай мақтанба»

Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

Ән мәтіні

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны — терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып,
Үрген ит пен айтаққа,
Келмеп пе едің жол тосып,
Жолығуға аулаққа?

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны — терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.

Қорытынды

Венн диаграммасын толтыруға сұрақтар

  1. Абай кім?
  2. Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келген?
  3. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
  4. Абайдың әжесінің аты кім?
  5. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
  6. Абай Құнанбаевтың атасы кім?
  7. Абай Құнанбаевтың тағы қандай өлеңдерін атай аласыңдар?

Сабақтың түйіні: Абай мұрасы — сөз өнері, аударма мәдениеті және саз әлемін тоғыстырған биік құндылық. Оның өлеңі мен әні, қарасөзі мен аудармасы бүгінгі ұрпаққа да бағыт-бағдар беретін рухани қазына.