Әдептілік жемісі

Сабақтың барысы

Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оқушы үшін соның ең бастысы — әдептілік. Біз сыныпқа кірген сәтте әдептіліктің алғашқы ережесін орындадық: бір-бірімізбен амандастық.

Амандасу — әр халық мәдениетінің алғашқы беташары.

Абай сөзі: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.

Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбекқор, шыншыл әрі қамқор болсаң, өсе келе ата-анаңның да, Отаныңның да мақтанышы боласың.

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық: балалар бір-біріне сәттілік тілейді, әр оқушы өз есімінің бірінші әрпінен басталатын жақсы қасиетін айтады.

Топқа бөліну үшін оқушылар фигураларды таңдап, өз орындарына орналасады. Содан кейін тақтаға назар аударады.

I бөлім — «Әдептілік жемісі» (бой сергіту)

Тақтада «Әдептілік жемісі» ілінеді: алмаларға сұрақтар жасырылған. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  • 1) Досқа қалай болу керек?

  • 2) Әдептілікті бізге кім үйретеді?

  • 3) Әдептілік туралы мақал-мәтел айт.

  • 4) Өзіңе көрсетілген ізетке, ілтипатқа, сыйға не айту керек?

  • 5) Үзіліс кезінде дәлізде қалай жүру керек?

  • 6) Көпшілік орындарда, көшеде, автобуста өз-өзіңді қалай ұстау керек?

  • 7) Әдепті бала қандай болу керек?

  • 8) Қоштасар сәтте қандай ниет білдіресің?

  • 9) Әдепсіз бала қандай болады?

II бөлім — «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»

Топ мүшелері қапшықтан нөмірлері бар шарларды алып шығады. Мұғалім «жалғастыр» ойынының шартын түсіндіреді. Топ ішінде талқылаған соң, жауапты топ басшылары айтады.

1. Үлкендердің алдынан — кесіп өтуге болмайды.

2. Кішкентай баланы — жылатуға болмайды.

3. Құстарды — атуға болмайды.

4. Қыз баланы — сыйлау керек.

5. Сабақтан — кешігуге болмайды.

6. Досқа — көмектесу керек.

III бөлім — «Сиқырлы сөздер»

Кез келген жағдайда алдымен ашуға берілмей, сабыр сақтаған жөн. Қатты ашуды тарқататын сиқырлы сөздер бар. Олардың қандай сөздер екенін «сиқырлы конверттерден» білеміз.

Мысал «сиқырлы сөздер»

Кешіріңіз Рахмет Өтінемін Кешірім өтінемін

Тапсырма: осы сөздерге өмірден қысқа көрініс (жағдаят) келтіріп, дұрыс қолдану.

IV бөлім — Есте сақтау минуты

Берілген әріптерден адам бойындағы жақсы және жағымсыз қасиеттерге байланысты сөздерді тауып жазу.

Берілгендер

Лдаа, қлаас, зөміішл, кеттен, ітітпәрт, зіспітртә, ытпықұ, зсыпықұ

Жауаптары

  • Адал
  • Салақ
  • Өзімшіл
  • Тентек
  • Тәртіпті
  • Тәртіпсіз
  • Ұқыпты
  • Ұқыпсыз

V бөлім — Сөзжұмбақ

Өлең шумақтарынан «Ф» әрпін сызып тастап оқысаң, Ермек Өтетілеуовтің «Әдептілік әлемі» өлеңінің шумақтары шығады.

«Әдептілік әлемі» (өлең)

Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,
Салдыр-салақ болмағын.

Әдет қыл бұл ісіңді —
Тазалап жүр тісіңді.

Қорытынды

Сабақты қорытындылай отырып, бірге әдептілік ережелерін құрастырайық.

Әдептілік ережелері

  • 1

    Сәлемдесу.

  • 2

    Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу.

  • 3

    Үлкенге жол беру, автобуста орын ұсыну.

  • 4

    Табиғатты аялау, жан-жануарға қамқор болу.

М. Әлімбаев сөзі: Қипақтайды қит етсе, анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем.
Басқалардың осындай балалары
Тап осындай жаңғалақ болар ма екен?

Ата-анамызды ренжітпей, әдепті бала болайық. Тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.