Сандық мәліметі

Математика • 1-сынып

Тақырып: Өрнектер — a+7, a−7

Сабақ түрі: аралас сабақ

Негізгі идея

7 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру, қосу мен азайтудың байланысын бекіту.

Сабақ мақсаты

Білімділік

  • 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
  • Өткен сабақтағы білімді пысықтау.
  • 7 саны туралы қосымша мәлімет беру.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  • Жылдамдық пен ізденімпаздықты дамыту.

Дамытушылық

  • Білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
  • Есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Қосу мен азайтудың өзара байланысы арқылы логикалық ойлауды дамыту.
  • Танымдық қабілетті арттыру.

Құрал-жабдықтар мен әдістер

Көрнекіліктер

касса кеспе сандар слайд смайлик гүл

Әдіс-тәсілдер

  • СТО стратегиялары
  • сұрақ-жауап
  • дамыта оқыту
  • ойын әдісі

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Қайырлы таң, досым,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбі күні
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең «5» болсын.

II. Үй тапсырмасын тексеру

№4, 161-бет.

III. Жүгіртіп қайталау

8−4
3+4
9−0
7+2
4+5
10−7
5−5
7+0

IV. Негізгі бөлім

Ой шақыру

6 мен 8 сандары
Шақырды дос-көршісін.
Балақайлар, табайық,
Қонақ қай сан екенін?

Жауабы: 7

Білемін

  • 7 санының орнын.
  • 7 санының құрамын.

Білдім

  • 7 санын қосу және азайту тәсілдерін.

Білгім келеді

  • 7 санына қатысты қызықты мәліметтерді.

Дәптермен жұмыс

  • Күннің жадын және тақырыпты жазу.
  • Көркем жазу: 7, 77, 777.

Сұрақ

Бұлар неше таңбалы сандар?

Тапсырма

77 санын разрядқа жікте: 7 ондық, 7 бірлік

Елдос пен Аяжан мультсериалындағы кейіпкерлердің тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар «құпия сандықшаларды» ашады. Әр сандықшаның ішінде 7 саны туралы қызықты мәлімет бар.

Оқулықпен жұмыс: «Сандықша тапсырмалары»

№1. Кестені толтыр

a 0 1 2 3
a+7 7 8 9 10
a 10 9 8 7
a−7 3 2 1 0

Талқылау сұрақтары

  • Қандай өрнек берілген? (әріпті өрнек)
  • Өрнектерді қандай амалдармен орындадық? (қосу және азайту)
  • Қосудың компоненттерін ата.
  • Азайтудың компоненттерін ата.

Сандықша мәліметі

Аптадағы 7 күн

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

№3. Оқы, салыстыр. Есепті шығар

а) Балмұздақ туралы есеп

Пломбир — 6

Эскимо — 4

Ш: 6+4=10

Ж: Барлығы 10 балмұздақ.

Сөздік жұмыс

  • Пломбир — сүт пен кілегейден жасалатын балмұздақ түрі.
  • Эскимо — сырты шоколадпен қапталған, сүт-кілегейден жасалатын балмұздақ.
  • Пломбир мен эскимоны бір сөзбен қалай атаймыз? — балмұздақ.
  • Балмұздақ: мороженоеice cream.
  • Балмұздақты қай мезгілде жеуге болмайды? Неліктен?

ә) Ағаштар туралы есеп

Қайың — 4

Қарағай — 6

Ш: 4+6=10

Ж: Барлығы 10 ағаш өсіп тұр.

Сөздік жұмыс

  • Қайың мен қарағай суыққа төзімді болады.
  • Олар көбіне Шығыс және Солтүстік Қазақстанда жиі кездеседі.
  • Біздің қаламызда, мектеп ауласында қандай ағаштар өседі?
  • Қарағаш, арша, терек және т.б.
  • Ағаш: деревоtree.
  • Ағаштар пайдалы ма? Неліктен?

Сандықша мәліметі

Жеті ата

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Қазақта: «Жеті атасын білмеген — жетесіз» деген мақал бар.

Кім өз жеті атасын жатқа біледі?

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығуы (видео арқылы).

Геометриялық тапсырма

Еске түсіру

  • Қандай геометриялық фигураларды білеміз?
  • Ұзындықтың өлшем бірлігі қандай?

№4

Біреуінің ұзындығы 5 см, ал екіншісі одан 3 см қысқа болатын екі кесінді сыз. (Өзіндік жұмыс)

Ерте орындаған оқушыларға қосымша тапсырма беріледі.

Сандықша мәліметі

Жеті қазына

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы, берен мылтық.

Шығармашылық тапсырма

Заңдылықты анықтап, жетіспейтін сандарды жаз:

4 2 2 3 7 6 ? ?

Сандықша мәліметі

Қазақтың жеті кереметі

  1. Таңбалы тас суреттері
  2. Алтын адам
  3. Қазақтың киіз үйі
  4. Домбыра
  5. Ясауи кесенесі
  6. Маңғыстау жерасты мешіті
  7. Астана — Бәйтерек

V. Бекіту бөлімі: «Кел, ойнайық!»

Әңгімелесу

  • Қазір қай мезгіл? — Көктем.
  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

Топтық жұмыс

Гүл күлтелерінде берілген сан шығатындай етіп санды өрнектер құрастырамыз.

VI. Үй тапсырмасы, бағалау және рефлексия

Үй тапсырмасы

№2, 162-бет (түсіндіру).

Бағалау

Оқушылардың жұмысы тапсырмаларға қатысуына және дәлелді жауаптарына қарай бағаланады.

Рефлексия

Бүгін не үйрендік? Қай тапсырма қызық болды? Қай жерде қиналдық?

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}