Қонақ деген кім

Сабақтың мазмұны мен мақсаты

Тақырып

«Ара мен Шыбын» (Оспанхан Әубәкіров).

Сабақтың түрі

Сайыс-сабақ.

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Іздену

Мақсаттар

  • Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
  • Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.
  • Сауаттылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тазалыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Сызба (тірек сызба)
  • Үнтаспа (диалог тыңдату)

Ұйымдастыру және үй тапсырмасы

Сабақ басында оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, үй тапсырмасы бағаланады. Үй жұмысын бекіту сұрақтары ойды жинақтауға және мысал жанрының негізгі идеясын түсінуге бағытталады.

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары

  1. А. Байтұрсынов туралы не білесің?
  2. Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
  3. Олар неге жүкті орнынан қозғалта алмады?
  4. Мысалда адамдардың қандай әрекеті сыналады?

Жұмбақтар

Шақсам, удай тісім,
Оны, бала, түсін.
Көп жей берсең балды,
Ауырады тісің.

Жауабы: Ара

Қыста ұйықтап жатар,
Жазда думан ашар.

Жауабы: Шыбын

Ара мен шыбын: қысқаша түсінік

Бал арасы да, шыбын да — бунақденелілер. Өте ұсақ болғандықтан, оларды жәндіктер деп атаймыз. Алайда табиғаттағы рөлі мен адамға әсері екі түрлі.

Бал арасы

  • Табиғатта өздігінен тіршілік етеді.
  • Гүл шырынын сорып, бал жинайды.
  • Балы үшін адамдар қолда асырайды.
  • Еңбекқор жәндік: денесі кішкентай болғанымен, үлкен жұмыс атқарады.

Шыбын

  • Лас жерде жүретін зиянды жәндік.
  • Түрлі жұқпалы ауруларды таратады.
  • Үйде шыбынның болмауын үнемі қадағалау қажет.

Жаңа сабақ: автор және тақырып

Оспанхан Әубәкіров туралы

  • 1934 жылы туған, 1986 жылы қайтыс болған.
  • Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында дүниеге келген.
  • Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген.
  • «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба» және т.б. жинақтардың авторы.

Сатирик — адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушы.

Оқулықпен жұмыс (ұсынылатын әрекеттер)

  1. Мысалды оқыту және мазмұнын талдау.
  2. Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогын тыңдату.
  3. Тірек сызба арқылы негізгі ойды анықтау.
  4. Сурет бойынша екі кейіпкерге мінездеме, сипаттама беру.

Талдау барысында еңбекқорлық, тазалық, ұқыптылық сияқты құндылықтар мен жалқаулық, салақтық тәрізді мінездердің айырмасы ерекше айқындатылады.

Не білесің? Қысқаша мәлімет

Ара туралы деректер

  • Жарғаққанаттылар отрядына жататын бунақдене; ұзындығы шамамен 1–1,5 см.
  • Сары ала түсі «жауынгерлердің киімін» елестетеді.
  • Демтүтік арқылы тыныс алады.
  • Ұясын шатырға, ағаш қуысына, бұтақтарға салады.
  • Құйрығының ұшында өткір шаншары бар; шаққан жері ісінеді.
  • Аралардың 22 мыңнан астам түрі белгілі.
  • Құрылымы: ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара.

Шыбын туралы деректер

  • Қосқанаттылар отрядының бір тармағына жатады, жер шарында кең таралған.
  • Мұртшалары қысқа, үш бунақты.
  • Дизентерия, іш сүзегі сияқты жұқпалы ауруларды және ішек-қарын құрттарының жұмыртқаларын таратуы мүмкін.
  • Алдын алу: ас-судың бетін жабу, қора-қопсыны таза ұстау.
  • Қажет болғанда шыбынға қарсы құралдарды қолдануға болады (мысалы, мухолов, дихлофос, нефос).

Сергіту және бекіту тапсырмалары

Сергіту

«Кім шапшаң?» ойыны арқылы оқушылардың жылдам ойлау және жауап беру дағдылары дамытылады.

«Кім ақын?» тапсырмасы

Үш топқа өлең жолдары беріліп, ұйқас табу ұсынылады.

Келді араға шыбын, Жиып жатқан шырын. Шақырды шыбын қонаққа. Ара келсе кешігіп, Жатып қапты шешініп. Қонақты дұрыс күтпепті, Шыбынға ақыл жетпепті.

«Кім ұтқыр?» тапсырмасы

Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша ойларын жинақтап, ауызша жауап береді.

  1. Қонақжай дегенді қалай түсінесің?
  2. Қонақ деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?
  3. Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?

«Кім тапқыр?» тапсырмасы

Мысал мазмұнына сай мақал-мәтелдер тауып жазу.

  • 1) Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
  • 2) Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.
  • 3) Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Үй тапсырмасы

«Ара мен Шыбын» мысалын оқып келу.

Оқу барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын салыстырып, мысалдың түйінді ойын бір-екі сөйлеммен тұжырымдап келу ұсынылады.