Сабақтың қорытындысында
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Оң және теріс сандар
- Сабақтың түрі
- Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, компьютер, бейнепроектор.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға оң және теріс сандарды ажырата білуді және оларды қолдану жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Қазақстан болашағына деген сенімін нығайтып, білімнің құндылығын түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, кезекшіні анықтау.
-
2
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Заттарды санау және шамаларды өлшеу барысында біз көбіне натурал сандарды, ондық және жай бөлшектерді қолданамыз. Алайда математикада, география мен физикада кейбір шамалар тура мағынада да, қарама-қарсы мағынада да кездеседі. Тура мағыналы шамалар + таңбасымен, ал қарама-қарсы мағыналы шамалар − таңбасымен белгіленеді.
Презентация мысалдары
-
Биіктік (оң сандар): ғарыш кемесі +1000 км, ұшақ +20 км, тау шыңы +7 км.
-
Топырақ тереңдігі (теріс сандар): тундрада −10 см, шымтезекті топырақта −20 см, қара топырақ ауданында −70 см.
-
Серіппе: созылуы — оң санмен, сығылуы — теріс санмен беріледі.
-
Термометр: суық температура — теріс, жылы температура — оң сандармен өрнектеледі.
-
Қорытынды: +1000, +20, +7 — оң сандар; −10, −20, −70 — теріс сандар.
Өрнектерде оң сандардың жазылуы
Өрнектерде оң санның алдындағы + таңбасын көбіне жазбаймыз:
-
+9 → 9
-
+7 → 7
-
+5a − 10b + 6 → 5a − 10b + 6
-
+5x:3 − 20y + 12z → 5x:3 − 20y + 12z
Өрнектерде теріс сандардың жазылуы
Теріс сан көбіне жақша ішінде жазылады, әсіресе ол қосу, азайту, көбейту немесе бөлу амалдарынан кейін келсе:
-
9:(−3), 12 − (−6), 92·(−5), 101 + (−91)
-
Кейде жақшаны ықшамдауға болады: (−18) + 62x → −18 + 62x.
Нөл саны туралы
0 саны оң да, теріс сандарға да жатпайды. Ол шамалардың сан мәндерін анықтауда санақ басы ретінде алынады.
Топтық жұмыс
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Оң сандар» және «Теріс сандар».
-
-
3
Қорытындылау
Бейне-сұрақтар арқылы тақырыпты бекіту.
-
4
Бағалау
Бағалау және бақылау парақтары арқылы оқушылардың жұмысын бағалау.
-
5
Үй тапсырмасы
№273, №274, №275 (құжат ретінде).
Кітаппен жұмыс (64-бет)
№263 (ауызша)
- Петропавл −3°
- Қостанай −2°
- Астана −3°
- Шымкент +5°
- Алматы +1°
- Жезқазған +2°
№264
1) +20
2) −16
3) +5
4) +12
5) −28000
6) +175000
7) −3
8) −9
Сандар туралы мақал-мәтелдер
- Бір жылы сөз — бір күнге ұзақ.
- Ерке бала — екі жырлар.
- Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
- Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.
- Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
Қосымша тапсырмалар
- №266 — кестемен жұмыс.
- №267 — жауаптары: +20, +20, +30.
- №268 — жауаптары: 1) +15, 2) −32, 3) +7, 4) +28, 5) +2, 6) −5.