Баскетбол үйірмесі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
«Баскетбол үйірмесі». Сын есім
Пән / сынып
Қазақ тілі, 6-сынып
Сабақ түрі
Кіріктірілген сабақ
Сабақтың мақсаты
1) Танымдық мақсат
Оқушыларды баскетбол үйірмесінің тарихымен таныстыру, сын есім туралы білімін тереңдету.
2) Дамытушылық мақсат
Жан-жақты білімін кеңейту, ауызекі сөйлеу дағдысын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік мақсат
Салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен тұрақты шұғылдануға баулу.
Әдіс-тәсілдер және көрнекілік
Әдіс-тәсілдер
- Дәріс
- Әңгіме
- Іздену
- «Кубизм» әдісі
Көрнекілік
- Слайдтар
- Қима қағаздар
- Тренинг тапсырмалары
- Бейнетаспа
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру
«Сын есімді қос» тренингі.
Үй тапсырмасын тексеру
3-тапсырма, 179-бет.
Жан-жақты білімін тексеру
I топ
- Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
- Сөздерді құрамына талдаңдар.
- Асты сызылған сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.
Біздің мектепте домбыра тартуға үйренуге болады.
II топ
- Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
- Сөздерді құрамына талдаңдар.
- Асты сызылған сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.
Үйірме жетекшісі — өте білімді.
II. Мағынаны тану
Тақырыпты ашу
Суретте бейнеленген заттардың басқы әріптерінен бүгінгі сабақтың тақырыбын табайық: «Баскетбол үйірмесі».
Оқылым
Баскетбол (ағыл. basket — «себет», ball — «доп») — командалық спорт ойыны. Ойында екі команда қатысады, әр командада алаңға бір мезетте 5 ойыншы шығады. Команда құрамында әдетте 12 ойыншы болады, ауыстыру саны шектелмейді.
Ойынның мақсаты — допты қарсыластың себетіне қолмен дәл түсіру және қарсыласқа ұпай жинауға мүмкіндік бермеу. Себет еденнен 3,05 м (10 фут) биіктікте орналасады.
Орта және жақын қашықтықтан салынған доп 2 ұпай, ал үш ұпайлық сызықтан сырттан салынған доп 3 ұпай болып есептеледі. Айып добы 1 ұпайға тең.
Баскетбол алаңының өлшемі: ұзындығы — 28 м, ені — 15 м. Баскетбол — әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі.
Тарихы және деректер
1891 жылы 21 желтоқсанда колледж мұғалімі Джеймс Нейсмит спорт залындағы балконның қоршауына шабдалы салынған екі себетті бекітіп, 18 студентті екі командаға бөліп, жаңа ойынды ұсынған. Шарт бойынша қарсыласының себетіне көп доп салған команда жеңімпаз атанған.
1932 жылы Женева қаласында өткен ұлттық баскетбол ассоциацияларының конференциясында Халықаралық баскетбол федерациясы құрылды.
«Астана» баскетбол клубының шабуылшысы Анатолий Колесников «ВТБ Бірегей лигасының» 2013–2014 маусымында ең үздік қазақстандық ойыншы атанған. Лига соңғы жылдары әр елдің үздік ойыншыларын анықтауды дәстүрге айналдырды.
Мектеп тәжірибесі
Біздің мектептегі баскетбол үйірмесін Иванчуков Виктор Сергеевич басқарады.
2008–2013 жылдары қыздар командасы қатарынан бес жыл аудан чемпионы болды. Ең үздік ойыншы әрі техникасы жоғары спортшы — Федорова Екатерина.
Соңғы екі жылда үйірмеде ұл балалар командасы жаттықтырылып келеді. Биыл мектеп командасы аудандық біріншілікте жеңіске жетті. Ең үздік ойыншы — 11 «А» сынып оқушысы Қаржаубай Елнұр.
Тыңдалым
Бейнетаспаны көру және талқылау.
Сөздікпен жұмыс
- Доп—мяч—ball
- Себет—корзина—basket
- Ойыншы—игрок—player
- Ұпай—очко—point
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның қай сөз табына жататынын және қандай сұраққа жауап беретінін анықтаңдар.
- Баскетбол үйірмесіне біздің сыныптың оқушылары (...) қатысып жүр.
- Оқушылар баскетболдың (...) ережелерімен танысып, жақсы ойын көрсетіп жүр.
- Олар баскетбол ойынындағы (...) доп беру әдістерін жан-жақты үйренді.
- Үйірмеге қатысушылар арнайы дайындық нәтижесінде (...) орынға ие болды.
Тірек сөздер
белсенді негізгі маңызды жүлделі
2-тапсырма
Диалог бойынша жұппен сөйлесіңдер.
Сұрақ: Баскетбол ойынының ережесі бойынша бір матч неше минутқа созылады?
Жауап: 20 минуттық үш кезеңнен тұрады.
Сұрақ: Баскетбол торы қандай биіктікте орнатылады?
Жауап: Кем дегенде үш метр биіктікте.
Сұрақ: Баскетбол ойынының негізгі қағидалары қандай?
Жауап: Қолмен допты жерге ұруға болады, бірақ допты ұстап жүгіріп кетуге болмайды.
Сұрақ: Командалардың алаңда өз бөлігі болады ғой?
Жауап: Иә. Дегенмен қажет кезде екі команда да алаңның бір бөлігінде әрекет ете алады.
3-тапсырма
Мәтінді оқып, талқылаңдар. «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазып, сөз тіркестерін құраңдар.
Әр адам спортпен айналысуы керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, көңіл күйі көтеріңкі болады. Егер әр оқушы өз таңдауы бойынша спорт түрлерімен шұғылданып, бос уақытын шынығуға арнаса, олардың дені сау, тұлғасы сымбатты, бұлшық еті шымыр болады.
Спортпен шұғылдануды дағдыға айналдыруымыз керек. Әрбір адам өз денсаулығын нығайтудың жолдарын қарастыруы қажет.
III. Ой толғаныс
Қолдау қажет оқушылармен жұмыс
Уәжі төмен оқушыларға бағытталған қысқа тапсырмалар.
Қима қағаздармен жұмыс
«Кубизм» әдісі арқылы пікір айту және талдау.
Үйге тапсырма
4-тапсырма, 182-бет.
Бағалау
Сабақ барысында орындалған тапсырмалар мен қатысу белсенділігі бойынша.
Автор туралы
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Арыстанбекова Индира Айдархановна.