Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы • №100 орта мектебі • Бастауыш сынып мұғалімі: Бердишева Жадыра Молыбекқызы
Ұстаз — мектептің жүрегі
Бүгін — ерекше күн, үлкен мереке. Бұл — ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ендеше, бүгінгі күн ұстаздарға арналсын.
Ұстаз туралы ұлағат
Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаздың аты да шәкірттерге сондай шуақ сыйлайды.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
— Абай
Шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, сіздей ұстаздарды құрметтейтін шәкірттеріңіз көп болсын!
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ұстаздық — өнер, тағылымы терең
Менің ойымша, кез келген мұғалім бірден ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіспен және ерен еңбекпен ұштасуы шарт.
«Шәкіртсіз ұстаз — тұл» деген сөздің де терең мәні бар.
Жырдан үзінді
Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
— Ғафу Қайырбеков
Біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың болуы — үлкен мақтаныш. Ұстаз жүгі — ауыр жүк: адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сезіндіре білу — нағыз шеберлік.
Өнер бөлімі
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер туады алдан әлі.
Ән — шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Тақырып
Ұстаз туралы ән
Формат
Видеоролик
Орындаушы
Жалғасбек Оралбек — «Ұстазым менің»
Ұстазға арналған арнау
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та, тауыса алмаймыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең шумақтарына кезек берейік.
Шәкірт жыры
1-оқушы
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен дирижер боп күлімдей.
2-оқушы
Жалын атып, от боп бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып, мәңгі жас боп қаласың.
3-оқушы
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай!
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін дәл.
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
4-оқушы
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам — мектебім!
Үйреткені — адалдық,
Ұсынғаны — адамдық,
Текті мінез, даналық.
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
5-оқушы
Мұғалім — ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.