Сарапшыны тағайындау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Алгебра (11-сынып)

Тақырып

Алғашқы функция және интеграл (слайдпен)

Сабақтың типі

Білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы

Әдіс-тәсілдер

Практикалық жұмыс, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Алғашқы функция және интеграл тақырыбын қайталау; білімді бекіту, жалпылау және тереңдету. ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындалу.

2) Дамытушылық

Оқушыларды мұқият тыңдауға, тез әрі дұрыс шешім қабылдауға, өз білімін еркін көрсетуге үйрету және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

Алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, уақытты тиімді пайдалануға баулу. Осы арқылы ҰБТ-да жоғары нәтижеге ұмтылдыру.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Жауап парақтары

Сабақтың жоспары

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Мұғалімнің кіріспе сөзі: сабақтың қажеттілігі
  3. 3 Оқушылардың білімін тексеру
  4. 4 «Есіңде ме, формула?» бөлімi
  5. 5 «Кім жүйрік?» — ауызша есептер шығару
  6. 6 «Зерделілер сайысы» — есеп шығару
  7. 7 Тест тапсырмалары
  8. 8 Қорытындылау және бағалау
  9. 9 Рефлексия

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру. Сарапшыны тағайындау.

2) Кіріспе сөз және сабақтың ұраны

Сабақтың ұраны:

Біле бер қанша білсең — тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.

Мұғалім сабақтың маңызын қысқаша түсіндіреді және бүгінгі тақырыптың ҰБТ-ға дайындықтағы рөлін атап өтеді.

Неліктен бұл тақырып маңызды?

Механикада материалдық нүктенің жүрілген жолы белгілі болған жағдайда оның жылдамдығы мен үдеуін туындыны қолдану арқылы табуға болады. Сол сияқты, алғашқы функция мен интеграл қозғалыс есептерін, аудан мен жинақталу процестерін түсіндіруде негізгі құралдардың бірі болып табылады.