Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңіБәйшешек бақшасыЖемiстi, жақсы иiстi бұл бәйшешек, Аралайық, пайдасын көрем десек

Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Бәйшешек бақшасы

Жемiстi, жақсы иiстi бұл бәйшешек,
Аралайық, пайдасын көрем десек.
Ұғымды, милы жастың ойын қозғап,
Ұқтырар талай тәлiм, талай есеп.
Ерiнбей тамам гүлiн аралаңыз,
Болса да кейi ұсақтау, кейi кесек.
Тiкенсiз гүл, жылансыз кен болмайды,
Тiкеннен жиiркенiп жемiс жесек.
Жақсы мiнез, жаман ой айқындалар,
Осыны ұғайық деп ентелесек.
Тәттi жемiс, нұрлы гүл керек қылмас
Боққа төккен саламға тойған есек.



Ұқсас жұмыстар

Шәкәрім Құдайбердіұлының жан туралы философиясы
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Шәкәрім Құдайбердіұлы ( 1858 – 1931 )
Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер
Қазақ әдебиетіндегі эпистолиярлық стиль
Шәкәрім поэзиясындағы адамгершілік құндылықтар
Шәкәрімнің философиялық дүниетанымы
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Құдайбердіұлы Шәкәрім
КІТАП БІЛІМ БҰЛАҒЫ
ШӘКӘРІМ ЛИРИКАСЫ
ШӘКӘРІМ
Шәкәрім Қудайбердіұлы (1858 - 1931).
Он бес одақтас мемлекетке ортақ мерейтой болған Ұлы Жеңіске биыл 72 жыл толғанымен, бұл мерекенің тойланып келе жатқанына 55 жыл
Кенет клоун тасты бұлғап - бұлғап тұрып адамдарға қарай лақтырып жібергені