Өзен өлеңінен етістіктерді жазу

Сабақ туралы

Пән

Қазақ тілі, 6-сынып

Тақырып

Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі туралы мәлімет беру.
  • Оқушылардың оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмыстарына назар аударту.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты бірізді баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Жазба тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
  • Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын және тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу
  • Тіл дамыту

Көрнекілік

  • Кітап
  • Суреттер
  • Грамматикалық кесте

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа бейімдеу.

II. Өткен сабақты қайталау және пысықтау

Алдыңғы тақырып бойынша қысқаша сұрақ-жауап жүргізіліп, негізгі ұғымдар нақтылауға бағытталған тапсырмалар орындалады.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру

Интербелсенді тақта арқылы Ы. Алтынсарин туралы слайдшоу көрсетіледі.

Оқушылар ақынның «Өзен» өлеңімен танысады:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бірқалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген, оттай жанған жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

Өлеңнен етістіктерді теріп жазу тапсырмасы беріледі (мысалы: ағар, соқса, жарқыраған, сарқыраған және т.б.).

IV. Жаңа сабақты бекіту

Дара және күрделі етістік туралы қысқаша мәлімет беріледі, мысалдар арқылы дәлелденеді.

Қорытынды тапсырма: «Өзен» өлеңінен дара және күрделі етістіктерді ажыратып, кестеге түсіру.