Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар

Төмендегі жаттығулар мен ойындар оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға, қарым-қатынасты жеңілдетуге және сыныптағы жағымды ахуалды нығайтуға бағытталған. Тапсырмалар қозғалыс, көңіл-күйді тану және бір-біріне қолдау көрсету сияқты дағдыларды қамтиды.

1) «Сәлемдесу» ойыны

Жүргізуші «Бастаймыз» деген белгі бергенде, қалай амандасу керегін айтады. Оқушылар бір-бірімен тез әрі әр адаммен әртүрлі амандасады.

  • Көзбен
  • Қолмен
  • Иықпен
  • Құлақпен
  • Тіземен
  • Иекпен
  • Өкшемен
  • Арқамен

2) «Сантики, Фантики, Лимпопо»

Барлығы шеңберге тұрады. Бір оқушы бөлменің сыртына шығарылады. Шеңбер ішінен бір «жүргізуші» таңдалып, қимылдар көрсетеді. Қалғандары жүргізушіге тікелей қарамай, білдіртпей қимылдарды қайталайды.

Ойын басталғанда балалар шапалақ соғып: «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтады.

  1. 1 Сыртта тұрған оқушы дыбысты естіп кіріп, шеңбер ортасына тұрады.
  2. 2 Ол жүргізушіні табуға тырысады.
  3. 3 Егер тапса, жүргізуші сыртқа шығады, ойын сол тәртіппен жалғасады.

3) «Көңіл-күй неге ұқсас?»

Ойыншылар бүгінгі көңіл-күйін жыл мезгіліне, ауа райына немесе табиғат құбылысына теңеп сипаттайды. Жаттығуды ересек адамның бастағаны тиімді.

Үлгі: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күн сәулесіне ұқсайды. Ал сенікі ше?»

Жаттығу шеңбер бойымен жалғасады. Соңында жауаптар қорытындыланып, жалпы көңіл күйдің сипаты анықталады (қуанышты, мұңды, күлкілі, ашулы және т.б.). Қорытындылау кезінде «суық», «жаңбыр», «түнерген аспан» сияқты белгілердің қобалжу немесе агрессивті күйді білдіруі мүмкін екеніне назар аударыңыз.

Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтарын зерттеу

Бұл бөлім оқушылардың өмірлік ұстанымдарын, басшылыққа алатын құндылықтарын және адамгершілік-рухани бағдарларын түсінуге көмектеседі.

Мақсаты

Оқушылардың тұлғалық қалыптарын, қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын және адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау.

Адамгершілік көбіне сыртқы іс-әрекеттен байқалады. Бірақ мінез-құлыққа ғана қарап адамның шынайы адамгершілігін толық бағалау әрқашан мүмкін емес: әрекеттің артында түрлі түрткілер мен сезімдер болуы ықтимал.

Руханилық туралы түсінік

Руханилық көзге бірден көріне бермейді. Ол ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүректің әмірі, ізгі сезімнің, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерде көрінуі.

  • Руханилық — жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші.
  • Оның негізінде мінез-құлық қалыптасады.
  • Ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік тұрғыда бақылау және бағалау жүзеге асады.

Әдістеме және қатысушылар

Оқушылардың рухани бағытын анықтау үшін М. Рокичтің құндылықтарды анықтау әдістемесі қолданылды.

Оқушылар 18 құндылықтың ішінен өздері үшін маңыздысын маңыздылығына қарай реттеп орналастырды.

Тестілеуге барлығы 283 оқушы қатысты.

Қорытынды

Нәтижелер бойынша өмірде басшылыққа алынатын құндылықтардың ішінде денсаулық бірінші орында. Бұл қатысушылардың салауатты өмір салтының маңызын түсінетінін көрсетеді. Олар өмірінің белсенді, нәтижелі іс-әрекетке толы болғанын қалайды.

Психологиялық ойындар мен жаттығулар

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты: оқушыларды өз көңіл-күйін тануға, басқаруға, бақылауға және дұрыс бағалауға үйрету.

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді сурет арқылы бейнелеңдер.

«Есте қалған қызықты оқиға»

Топ шеңбер болып отырады. Қатысушылар допты бір-біріне кезекпен беріп, есте қалған қызықты оқиғасын қысқаша айтып шығады.

«Мен саған сенемін»

Әуен қосылады. Оқушылар жұптасып, бір-бірінің көзіне қарап отырады да мына сөйлемді жалғастырады: «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың».

«Сиқырлы сөздер» ойыны

Мұғалім кез келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті формада құрастырып айтуы керек.

Мысалы: «Айнаш, дәптерді бер»«Айнаш, өтінемін, дәптерді берші».

Ізеттілік туралы ертегі тыңдау

Ізеттілік, сыйластық және қарым-қатынас мәдениеті туралы ертегі немесе қысқа мәтін тыңдалып, талқыланады.

Материал коды: №302007 МП

«Жағдайлы волейбол» ойыны

Мұғалім әділдік пен әділетсіздікке қатысты жағдаяттарды оқиды. Дұрыс жауап болса, оқушы допты қағып алады; бұрыс жауап болса, допты қағып алмайды.