ПВХ - дан жасалғанүлестірмелі материалдар әтештің суреттері және ПВХ материалынан жасалған құстар

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру

Мақсаты

  • Әтешпен таныстыру.
  • Ұжымдаса әрекет ету арқылы ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
  • Балалардың сөздік қорын дамыту.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Үлестірмелі материал

ПВХ-дан жасалған бөлшектер

Көрнекі материалдар

Әтештің суреттері және ПВХ материалынан жасалған құстар

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушы кезең

«Шаттық шеңбері»

Сәлемдесу

  • Қайырлы таң, көздерім!
  • Қайырлы таң, құлақтарым!
  • Қайырлы таң, қолдарым!
  • Қайырлы таң, достарым!

Сұрақ-жауап

Балалар, бізді таңертең айқайлап не оятады?

Сендерге жұмбақ жасырсам, жауабын тауып бересіңдер ме?

Жұмбақ

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

Қимыл ойыны: «Айнытпай сал»

Қимыл-қозғалыс арқылы бейнелеу

Әтешке қарап ән салып,

Әнші болған балапан.

Әтеш болып шақырып,

Соқшы қане алақан.

Тақпақ

Мен қоразбын, қоразбын,

Жалқаулармен аразбын.

Таңды бұрын қарсы алып,

Оятамын жар салып!

Ку-ка-ре-ку!

Балалардан тақпақты қайталап айтуын сұрау.

Билингвальды компонент: әтеш — петух.

Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі

Сергіту сәті

Қанатымды жазамын,

Жоғары-төмен қағамын,

Әтешке ұқсап сілкініп,

Айқайлап әнге саламын.

Негізгі тапсырма

Бүгін біз сендермен әтешті құрастырамыз.

Педагог тақтаға әтештің бөліктерін ретімен құрастырып көрсетеді.

Қолдау

Балаларға жеке көмек көрсетіледі.

Назар

Ұсақ моториканы дамытуға бағытталған дәл орналастыру, сәйкестендіру әрекеттері.

Рефлексивті-қозғаушы кезең

Дидактикалық ойын: «Әтешті тап»

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз немен таныстық?
  • Әтеш қалай шақырады?
  • Әтеш — үй құсы ма, әлде дала құсы ма?

Күтілетін нәтиже

Біледі

Әтештің үй құсы екенін.

Түсінеді

Ұжымда жұмыс жасау дағдысын.

Игереді

Әтештің бейнесін құрастыруды.

Мәлімет

Орны

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасы

Тәрбиеші

Аблаева Венера

Толық нұсқасын жүктеу

Жүктеу