Топ басшысы
Сабақ туралы мәлімет
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Мұғалім
- Алимова Ильмира Абдуллаевна (бастауыш сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- «Білімділер сайысы»
- Көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта, плакаттар мен суреттер, топ атауы мен ұрандары.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, сабаққа қызығушылығын арттыру, өткен материалды оқушы санасында бекіту.
Дамытушылық
Ізденімпаздық қасиеттерін, ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту; белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Тапқырлыққа, ұжымшылдыққа баулу; отансүйгіштікке тәрбиелеу; шапшаңдық пен алғырлықты қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі
Әнұран және психологиялық тренинг
Жарысқа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Ылғи «бестік» аламыз.
Сайыстың ашық екені жарияланып, әділқазылар алқасы сайланады.
Сайыс құрылымы
- 1 Таныстыру
- 2 Жасырынған сөзді табу
- 3 «Кім көп алма тереді?» (математикалық тапсырмалар)
- 4 Ребус шешу
- 5 Бәйге (сұрақ-жауап)
- 6 Ұйқасын тап (метаграмма)
- 7 «Тапқыр болсаң, тауып көр» (ұяшық таңдау)
- 8 Дыбысқа мінездеме беру (сатылай кешенді талдау)
- 9 Топ басшылары сайысы (мақал-мәтел)
1-бөлім: Таныстыру
«Білімділер» тобы
- Топ басшысы
- Қасен Ақнар
- Ұран
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
«Ойшылдар» тобы
- Топ басшысы
- Нажимов Ахмет
- Ұран
- Оқу — білім азығы, білім — ырыс қазығы.
2-бөлім: Жасырынған сөзді табу
Бұл кезеңде қай топ жасырынған сөзді жылдам құрастырып, сөзжұмбақ/сөзтуындыны шеше алатыны анықталады.
3-бөлім: «Кім көп алма тереді?»
Екі топтың математикалық білімдері сыналады: кім жылдам әрі сауатты орындайды — сол топ ұпай жинайды.
4-бөлім: Ребус шешу
Ребустар арқылы логика, байқампаздық және тілдік қор тексеріледі.
5-бөлім: Бәйге
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай есептеледі.
1-топ сұрақтары
- Тудың түсі қандай?
- Ең қымбат жан кім?
- Білім бұлағы не?
- Бір аптада неше күн бар?
- Әліпбиде неше әріп бар?
- Түйенің төлі қалай аталады?
- Біз оқитын мектеп қалай аталады?
- Жемістер қай мезгілде піседі?
- Еліміздің рәміздерін ата.
- Қыстың көркі не?
2-топ сұрақтары
- Жапырақ қай кезде сарғаяды?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Сиырдың баласы қалай аталады?
- Әліпбидегі ең соңғы әріп қайсы?
- Сенің Отаның қалай аталады?
- Асханада не істейміз?
- Қыстың соңғы айы қайсы?
- Қасиетті тағамды ата.
- Қызанақтың түсі қандай?
- Көру мүшесі қалай аталады?
6-бөлім: Ұйқасын тап (метаграммалар)
Т / Д әрпінен басталатын сөздер
Т — дан егер бастасаң, биіктердің биігімін.
Д — дан егер бастасаң, қиындардың қиынымын.
Екеуін де алып тастасаң, балықшының бұйымымын.
Жауабы: тау, дау, ау
К / Ш әрпінен басталатын сөздер
К — ден егер бастасаң, шомыласың суына.
Ш — дан егер бастасаң, жазда аунайсың құмына.
Жауабы: көл, шөл
Г / К әрпінен басталатын сөздер
Г — ден бастасаң, мен кілең, ажарымын өмірдің.
К — ден бастасаң, қалдығымын көмірдің.
Жауабы: гүл, күл
Б / Н әрпінен басталатын сөздер
Б — дан егер бастасаң, түтіндей боп көшемін.
Н — дан егер бастасаң, қап-қалың боп өсемін.
Жауабы: бу, ну
7-бөлім: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Оқушылар интерактивті тақтадан ұяшық таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді.
- Сұрақ Тұңғыш Президент — Н. Назарбаев
- Жұмбақ Белі бүкір, алысқа түкір — мылтық
- Сұрақ Жыл басы — Наурыз
- Сұрақ Республикамыз қалай аталады? — Қазақстан Республикасы
- Сұрақ Әліпбидегі бірінші әріп — А
- Сұрақ Ауылымыз қалай аталады? — Айша бибі
8-бөлім: Дыбысқа мінездеме беру
Әр топ бір дауысты және бір дауыссыз дыбысты таңдап, «сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша мінездеме береді.
9-бөлім: Топ басшылары сайысы
Топ басшылары мақал-мәтел айтып жарысады. Сайыс соңында әділқазылар әр топтың ұпайын шығарып, жеңімпазды анықтайды.
Жеңген топқа марапаттау қағазы тапсырылады.