Басып шығаруға арналған құрылғы
8-сынып: «Ақпараттар әлемі» сайысы
Бұл сайыс сабағы оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыруға, танымдық іс-әрекетін және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, информатика ғылымына бойлату, өз білімін үнемі дамытуға ынталандыру, бір-бірін құрметтеуге және қарсыласын әділ бағалай білуге тәрбиелеу көзделеді.
Түрі
Сайыс сабақ
Әдісі
Топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру
Көрнекілік және құрал-жабдық
- Құрастырма суреттер
- Компьютер
- A4 парақтары
Сайыстың ашылуы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, сайысымызға қатысушы жас өрендер! Бүгінгі «Ақпараттар әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Әділқазылар алқасы
- __________
- __________
- __________
Қатысушы топтар
I топ — «Монитор»
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарысты алғырлықпен аламыз.
Топ мүшелері
_______
II топ — «Пернетақта»
Қандай сынақ болса да беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Топ мүшелері
_______
III топ — «Процессор»
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
Топ мүшелері
_______
Сайыс кезеңдері
-
1-тур
Сан сұраққа саяхат
-
2-тур
Қатесін анықта
-
3-тур
Тіл өнері
-
4-тур
Сиқырлы әріптер
-
5-тур
Адасқан әріптер
Кезеңдермен таныс болсақ, сайысымызды бастайық.
1-тур: «Сан сұраққа саяхат»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Тапсырма — сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру.
I топқа сұрақтар
- Алғашқы есептеу құрылғысы
- Қолға алып жүретін компьютер
- Сурет салуға арналған бағдарлама
- Вирусты жоятын бағдарлама
- Компьютердің негізгі құрылғылары
- Компьютердің миы
- Джойстик дегеніміз не?
- Енгізу құрылғысы
- Paint редакторының жұмыс аумағында қанша құрал бар?
- Файлдар жиыны
II топқа сұрақтар
- Компьютердегі ақпараттарды жоятын бағдарлама
- Компьютер жанындағы өсімдік?
- Интернетке қосылуға арналған құрылғы
- Басып шығаруға арналған құрылғы
- Өшірілген объектілер орналасатын бума
- Компьютердің қосымша құрылғылары
- Бейнематериалдардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы
- Мәтіндік редактор
- Дыбыс шығару құрылғысы
- Пернетақта неше пернеден тұрады?
III топқа сұрақтар
- Үлкен темір қорап
- Компьютер теледидары
- «Терезе» сөзінің орысша атауы
- Дүниежүзілік желі
- Компьютердің негізгі құрылғылары
- Дыбысты жазатын құрылғы
- Компьютер маманы
- «Тышқан» сөзінің орысшасы
- Антивирус дегеніміз не?
- Принтер мен сканер компьютердің қосымша құрылғыларына жата ма?
2-тур: «Қатесін анықта»
Әр топқа мәтін беріледі. Тапсырма — мәтіндегі қателіктерді тауып, дұрыс нұсқасын ұсыну.
I топқа мәтін
Мен сканер мен пернетақтаны іске қосып, компьютерді қостым. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаландым. Жазған ақпараттарымды қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолдандым.
II топқа мәтін
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдаймын.
III топқа мәтін
Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып жоюға болады. Жазылған мәтінімді шығару үшін колонкаларды пайдаланамын.
3-тур: «Тіл өнері»
Тапсырма — жұмбақтардың шешуін табу.
-
Төртбұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек.
Жауабы: монитор
-
Ұзынтұра Жалқаубек, Тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан, Ешбір белгі қалмайды.
Жауабы: пробел
-
Бұтақ орнында мың бір инесі, Компьютер жаны мекені.
Жауабы: кактус
-
Тетігін бассаң алаңсыз, Жазады қалам, қағазсыз.
Жауабы: пернетақта
-
Батырмасын бассаң, қажетті файлды ашасың.
Жауабы: тышқан
-
Жұртты өзіне қаратқан, ақпаратты сақтап, таратқан.
Жауабы: флешка / диск / дискета
4-тур: «Сиқырлы әріптер»
Тапсырма — берілген сөзден мүмкіндігінше көп жаңа сөз құрастыру.
I топ — «Пернетақта»
Мысалдар: перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тап, рет, ер, ет, ...
II топ — «Бағдарлама»
Мысалдар: бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар, ...
III топ — «Информатика»
Мысалдар: мата, информатик, ит, форма, формат, орман, ана, рим, ритм, ата, ар, ат, ...
5-тур: «Адасқан әріптер»
Тапсырма — адасқан әріптерден дұрыс сөз құрастыру.
I топ
- НимоторМонитор
- КомтерпьюКомпьютер
- ЕрнетақтапПернетақта
- ЛайфФайл
- КулкальторяКалькулятор
- ТаусақСақтау
- ЭлектринокаЭлектроника
II топ
- ИннеттерИнтернет
- МикфонроМикрофон
- КанерсСканер
- КсидДиск
- ПросорцесПроцессор
- РанкэЭкран
- ИрусвВирус
III топ
- ШынтақТышқан
- ТерпинтПринтер
- ТезереТерезе
- ТайбБайт
- КафлешФлешка
- РепнеПерне
- ҚаттаТақта
Қорытынды
Сайыс қорытындыланып, қатысушы топтар марапатталады.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Ендігі кезекте әділқазылар алқасының шешімін тыңдайық.