Сәкен Сейфуллин өлеңіОрманОрман міні, Мұның да үніКейде жұмсақ, кейде шу
Сәкен Сейфуллин өлеңі
Орман
Орман міні,
Мұның да үні
Кейде жұмсақ, кейде шу.
Кейде тынық,
Кейде сұлық,
Кейде дауыл гу де гу.
Қалың орман,
Ойға толған,
Тұнжырайсың иіліп,
Еңбек сырлас,
Сәулем құрдас,
Әр рудан жиылып.
Жоқ бір қалып,
Кейде ырғалып,
Сен де көлше шулайсың.
Басты шайқап,
Желді жайпап,
Аласұрып тулайсың.
Аппақ қайың,
Қарағайың
Қосылыпты табысып.
Сұлу терек,
Жасыл желек
Құшақтасып қабысып.
Кейде қыбыр,
Кейде жыбыр,
Кейде жұмсақ желбіреп.
Көйлегің көк,
Өрнегі көп,
Құлпырады елбіреп.
Сұлу терек,
Жасыл желек,
Сәулем, саған не керек!
Биік бойың,
Кімде ойың?
Жібек желге аш қойын.
Аппақ кайың,
Бұл не жайың,
Жасарасың жыл сайын?
Аппақ қайың
Қалқатайым,
Мас қылады иіс майың?
Ақ көйлекті,
Сұлу текті,
Жасыл шашақ желекті.
Ырғаласың,
Бұраласың,
Көзді қайда саласың?
Қарағайым!
Жұпар майың,
Жібек желмен аңқиды.
Жұпар шаштың,
Көкірек аштың,
Мас болып тән балқиды.
Мас қылады,
Жас қылады
Жұпар исің жүректі.
Дертке дәрмен,
Тасқын әлмен
Жігерлейсің білекті.
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля
Сәкен Сейфуллин (1894-1938) туралы ақпарат
Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
Мал шаруашылығының сипаттамасы
Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 110 жыл
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Cәкен Сейфуллин және фольклор
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық
Қазақ әдебиетіндегі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі
Сәкен Сейфуллин поэмаларының көркемдігі
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi