Топтың газеттерін бағалау
Мақсаты
Білім стандартын меңгерудің тиімді жолдарын көрсету, оқушылардың білімін кеңейту, шығармашылыққа баулу және ұйымшылдыққа үйрету.
Өтетін орны
Физика кабинеті
Көрнекіліктер
- •Компьютер
- •Кадоскоп
- •Плакаттар
- •Құрал-жабдықтар
Жұмыстың барысы
1) Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайыстың әділ әрі ашық өтуі үшін әділқазылар алқасының мүшелері таныстырылады.
2) Топтарды таныстыру
1-топ
«Тоқ күші»
Тоқ күшіміз алға ғана шығатын,
Тоқ күшіміз мұғалімді ұғатын.
Тоқ күші өте жүйрік есепке,
Тоқ күшіне оңай логикалық есеп те.
2-топ
«Электроскоп»
Біз — «Электроскоп» тобымыз,
Жеңіске жетер қолымыз.
Есепке жүйрік, сөзге шешен,
Сайыста болар жолымыз.
3) Өту тәртібі және бағалау
Сайыстың ережелері түсіндіріліп, бағалау парақтары таратылады. Бағалау бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі:
- Топтық газеттер
- Төсбелгілер
- Ұрандарды орындау
Сұрақ-жауап (I бөлім)
Төмендегі сұрақтар арқылы жылулық құбылыстар бойынша базалық ұғымдар бекітіледі.
1-оқушы: Жылулық қозғалыс деген не?
Молекулалардың ретсіз қозғалысы.
2-оқушы: Диффузия деген не?
Бір зат молекулаларының басқа зат молекулаларының арасына енуі.
3-оқушы: Дененің ішкі энергиясы деген не?
Молекулалардың жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы.
4-оқушы: Жылу өткізгіштік деген не?
Қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге жылудың берілу құбылысы.
5-оқушы: Конвекция деген не?
Сұйық немесе газ ағысы арқылы энергияның тасымалдануы.
6-оқушы: Балқу деп нені айтады?
Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі.
Көрсетілім
Топтар дайындаған «сиқырлы» тәжірибелерді тамашалау.
Жоба
Топтардың дайындаған жобаларын қорғауы.
Капитандар сайысы
Физик-ғалымдардың есімдерін атау.
Физик-ғалымдар (мысалдар)
Ломоносов, Кулон, Ампер, Ом, Ньютон, Столетов, Герц, Резерфорд, Максвелл, Юнг, Френель, Эйнштейн, Бор және т.б.
Сұрақ-жауап (II бөлім)
Күй өзгерістері мен булану құбылыстары бойынша ұғымдар пысықталады.
7-оқушы: Кристалдану деген не?
Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесі.
8-оқушы: Булану деген не?
Сұйықтың буға айналу құбылысы.
9-оқушы: Кебу деген не?
Сұйықтың беткі қабатында жүретін булану.
10-оқушы: Қаныққан бу деген не?
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.
11-оқушы: Меншікті булану жылуы деген не?
Сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажет жылу.
12-оқушы: Электроскоп құралы не үшін қолданылады?
Дененің электрленуін (зарядтың бар-жоғын) байқауға арналған құрал.
Электр тізбегін құрастыру
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау арқылы электр тізбегін жинақтау.
Сұрақ-жауап (III бөлім)
13-оқушы: Электр тогы деген не?
Еркін заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы.
14-оқушы: Тоқтың қандай әсерлері бар?
Жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық.
15-оқушы: Тоқ күші деген не?
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы белгілі бір уақыт аралығында өтетін электр мөлшерінің сол уақытқа қатынасы.
16-оқушы: Кернеу деген не?
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының сол зарядқа қатынасы.
17-оқушы: Ом заңы деген не?
Тізбек бөлігіндегі тоқ күші кернеуге тура, кедергіге кері пропорционал.
18-оқушы: Джоуль–Ленц заңы деген не?
Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері тоқ күшінің квадратына, кедергіге және тоқтың жүру уақытына тура пропорционал.
19-оқушы: Металдардағы электр тогы деген не?
Еркін электрондардың реттелген қозғалысы.
20-оқушы: Газдардағы электр тогы деген не?
Электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы.
21-оқушы: Вакуумдегі электр тогы деген не?
Термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде пайда болған электрондардың бағытталған қозғалысы.
22-оқушы: Электролиз заңы деген не?
Электролиз кезінде электродта бөлінетін зат массасы электролит арқылы өтетін заряд мөлшеріне пропорционал.
Тапсырмалар
Әр топқа тәжірибе жасап, нәтижесін түсіндіруге бағытталған қолданбалы тапсырмалар беріледі.
Майшамды жағып, үсті ашық шыны ыдыстың ішіне қояды. Ыдыстың аузы ашық тұрған кезде майшам жанып тұрады.
Сұрақ:
Ыдыстың аузын жапқанда, майшам неге өшеді?
Жауап: Оттегі жетіспегендіктен (ауа алмасуы тоқтайды).
Әртүрлі материалдан жасалған таяқшаларға пластилин арқылы кішкентай шегелерді бекітеді. Таяқшалардың ортасын майшаммен қыздырады.
Сұрақ:
Шегелер неге әртүрлі уақытта түсе бастайды?
Жауап: Материалдардың жылу өткізгіштігі әртүрлі болғандықтан.
Қорытынды және марапаттау
Сайыс қорытындыланып, ұпайлар есептеледі.
Жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталады.
Қатысқандарыңызға рахмет!