Бұрынғы қайда

Абай Құнанбаев

Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.
Үкі тақтық,
Күлкі бақтық,
Жоқ немеге сүйініп.
Күйкентай күтті,
Құс етті,
Не бітті?

Атамыз бар,
Молдамыз бар,
Айтқанына көнбедік.
Арт жағында,
Біз соған зар,
Боламыз деп білмедік.
Ұрланып қаштық,
Жолғастық,
Шуластық.

Жазу жаздық,
Хат таныдық,
Болдық азат молдадан.
Шала оқудан,
Не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан?
Бағасыз жастық —
Бозбастық,
Адастық.

Бозбалалық —
Қыз қарадық,
Қалжың, әзіл сөйлестік.
Ат жараттық,
Сән тараттық,
Әуейілік күйлестік.
Көңілге келер,
Кім жолар,
Кім көнер?

Қайын бардық,
Қатын алдық,
Енші тиді азғана.
Шаруа атандық,
Енді ойландық,
Қала берді бозбала.
Бұрынғы қайда?
Ойбайла —
Не пайда?



Ұқсас жұмыстар

Мұнай өңдеу бойынша - бұрғы және мұнай кәсіпшіліктік жабдықтау
Еуразиялық ой - Қазақстанның жаһандану үніне қарсылығы ретінде
Өмірбаян жазу
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Шекәрім Құдайбердіұлы
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Данышпан Абайдың шығармашылық мұрасы
Өмірбаянның жазылу ережесі
Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы
Нарманбет поэзиясындағы азаттық идеясы
Әкең қайда, қыз ханым
Мылтығың қайда
Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар
Қалғанын қайда құямыз
 Бұрынғы өткен заманда бір молда болыпты
Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі
Қайдағы құрт
Байғыз қайда
Иең қайда
Қашқын қайда