Сабақтың ұраны

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі КММ

Мұғалім: Серикова Эльмира Зановна

Сабақтың тақырыбы

Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау. «Жылу құбылыстары» тарауын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты

Шығармашылықты шыңдау, білім-білік дағдыларын өмірлік қолданысқа айналдыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Білу: пайдалы әрекет коэффициентінің (ПӘК) физикалық мәнін білу.
  • Түсіну: жылу машиналарын қолданудағы экологиялық мәселелерді түсіну.
  • Қолдану: ПӘК-ті есептеуді үйрену, өмірлік маңызы бар сұрақтарға жауап беру.
  • Талдау: экологиялық мәселелерге әртүрлі қырынан сипаттама беру.
  • Жинақтау: ғылыми тұрғыдан әртүрлі мәліметтерді жинақтау.
  • Бағалау: жылу машиналарының жетістігі мен маңызын, экологиялық салдарын және қоршаған ортаны қорғау жолдарын бағамдау.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақ міндеті
Шығармашылықты шыңдау, білім-білік дағдыларын өмірмен байланыстыру.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Типі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
Топтық талдау, жинақталған мәліметтермен жұмыс, қорытындылау және бағалау.

Сабақтың ұраны

«Төзімділік пен шыдамдылық істің нәтижесіне жеткізеді».

Оқушыларға арналған тілек (сергіту)

  • З — зейінділік
  • Е — ептілік
  • Р — рақымшылдық
  • Д — данышпандық
  • Е — ержүректік
  • Л — лайықты болу
  • І — ізгілікті білім тілеймін!

Сабақ жоспары

  1. Үй жұмысын қайталауға арналған сұрақтар
  2. «Миды шынықтыру»
  3. Топпен жұмыс
  4. Жаңа тақырып бойынша түсініктемені толықтыру
  5. Есептер шығару
  6. «Домино» ойыны
  7. Бағалау
  8. Рефлексия

Үй жұмысын пысықтауға арналған сұрақтар

  • Тоңазытқыштың құрылысы қандай?
  • Термодинамиканың 1-ші және 2-ші заңдарын тұжырымдаңыз.
  • Тоңазытқыштың «отыны» (жұмыс денесі) қандай?
  • Іштен жану қозғалтқышының құрылысын атаңыз.
  • Қозғалтқыштың жұмыс циклі қандай кезеңдерден тұрады?
  • Бу турбинасының құрылысы қандай?
  • Барлық жылу қозғалтқыштарына ортақ қажетті 3 бөлік қандай?
  • Жылу машиналары дегеніміз не?
  • Адиабаталық процесс дегеніміз не?
  • Термодинамика заңдарына сәйкес поршеньнің атқаратын жұмысы қалай өрнектеледі?
  • Термодинамиканың 1-ші заңының теңдеуін жазыңыз.
  • Жылу қозғалтқыштары қай жерлерде кездеседі? Мысалдар келтіріңіз.

«Миды шынықтыру»

Жылу құбылыстарына арналған жұмбақтарды шешу және мақал-мәтелдердің физикалық мағынасын ашу.

Жұмбақтар

  1. Сыртта қапырық болып тұр, үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (Тоңазытқыш)
  2. Оңынан оқы — тіршілік нәрі. Солынан оқы — онсыз адам, өсімдік, аң-құс әп-сәтте сөнер, тұншығып бәрі. (Ауа)
  3. Қайнайды отта тұрып құйған суы, көтерілді жоғары судың буы. Ойланып есептейік, кәне енді: кетті екен қайнатуға қанша жылу? (Q = r·m)
  4. Жоғалмайды ешқашан түрлендірсең егер де. Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді сонда да. (Энергия)
  5. Еститін таң алдында бұлбұл үнін, хан қолында тұрыпты бір қыз сұлу. Қызға арнап алтын алқа тағу үшін кетті екен есептейік қанша жылу? (Q = c·m·Δt)
  6. Тіршіліктің қамы үшін жоқшылықты түзейді. Егер іскер жан болса, жоқшылықты тежейді. (Жұмыс)
  7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)
  8. Жүрісі бар, түрі жоқ; үні бар да, тілі жоқ. (Жел)

Мақал-мәтелдердің физикалық мағынасы

  • «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады» — балқу құбылысы.
  • «Бір кісі жаққан отқа мың кісі жылынады» — жылуөткізгіштік.
  • «Қатты қаңтар болмай, теңізде су қатпайды» — қату температурасы.
  • «Жұпарды жасырғаныңмен, иісі білінеді» — диффузия құбылысы.

Топтық жұмыс тапсырмалары

Оқушылар топтарға бөлініп, берілген тақырыптар бойынша постер дайындайды. Әр топ тақтаға шығып, жұмысын қорғайды және талдайды.

1-топ

Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығындағы мәні.

2-топ

Атмосфераның ластануы және экология.

3-топ

Ауа ластануына қарсы жүргізілетін шаралар.

Материалдар