Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру
Білім көздері: сауат ашу және жазу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы
Дауысты және дауыссыз дыбыстармен танысайық.
Көрнекіліктер
- Кестелер
- Кеспе әріптер
- Суреттер
- Үлестірмелі материалдар
Оқу іс-әрекетінің мақсаты
- Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігін түсіндіру.
- Жаттығулар арқылы дауысты дыбыстар туралы білімін жетілдіру.
- Сөйлеу тілін дамытып, сөздік қорын байыту.
- Ой-өрісті кеңейтіп, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Негізгі бөлім
Дауысты дыбыс туралы түсінік
Дауысты дыбыстар кедергісіз, еркін айтылады. Оларды созып, әндетіп айтуға болады.
Дауысты дыбыстар
а, ә, и, о, ө, е, у, ұ, ү, ы, і, ю, э, я
Мысал (созып айту)
а-а-а ә-ә-ә о-о-о
Суреттермен жұмыс
Балалар суреттерді атап, сөздерді буынға бөледі. Сөздерден дауысты дыбыстарды тауып, олардың айтылу ерекшелігін ажыратады. Неше дауысты дыбыс болса, сонша рет қол шапалақтайды.
Буынға бөлу үлгілері
- кө-бе-лек
- о-рын-дық
- үй-рек
- кі-тап
- ба-лық
Назар аударатын тұстар
- Дауысты дыбыстар еркін шығады, дыбыстауда кедергі болмайды.
- Дауысты дыбыс саны мен буын санының байланысын байқау.
- Айтылуын дұрыс артикуляциялау (созып айтуға болады).
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қоялық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық!
Дидактикалық ойын: «Ұйқасын тап»
Орыннан орынға ауысқан,
Ұшқалақ қара ала .....
Жауабы:
сауысқан
Бәрі бірдей жұмысқа
Шығады кім? .....
Жауабы:
құмырсқа
Әліппе дәптермен жұмыс
а) Берілген суреттер бойынша дыбыстарды белгілеу: қызыл — дауысты дыбыс, көк — дауыссыз дыбыс. Балалар дыбыстарды төртбұрыштардың ішіне тиісті белгілермен түсіреді.
ә) Кестеде жетіспей тұрған төртбұрышқа қажетті суретті салып, оны бояу.
Қорытынды
Сабақ барысында балалар дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дауысты дыбыстардың еркін айтылатынын тәжірибе арқылы түсінеді. Буынға бөлу, дыбысты табу және ойын тапсырмалары сөйлеу дағдысын нығайтып, сөздік қорды кеңейтеді.