Сәлеммен кірпі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Какогова Айгүл.
Пәні: Математика. Сабақ тақырыбы: Санды теңдіктер және теңсіздіктер. Сандарды және шамаларды салыстыру.
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық.
Сабақ жабдығы
- сызба
- деңгейлік тапсырмалар
- карточкалар
Жалпы мақсаттар
1) Білімділік
Санды өрнектерді оқуға, жазуға және салыстыруға үйрету.
2) Дамытушылық
Логикалық ойлауды дамыту, есеп шығаруға қызығушылық ояту, ұқыпты әрі көркем жазуға дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
Экономикалық тәрбие беру, тазалыққа, ұқыптылыққа және ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, ойын.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Осы айтылғандарды орындауға бар күш-жігерлеріңді саласыңдар деп сенемін. Баршаңа сәттілік, белсенділік және жоғары нәтиже тілеймін!
Психологиялық дайындық: «СМС-хат»
Мұғалім телефонға келген хабарламаны оқиды: бүгін электрондық поштамен хат келіпті.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен сендерге бұл хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек.
Күз келді, күнде жауын жауады, сондықтан мен жемістерді жинап үлгермей жатырмын.
Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, жемістер жиналады.
Көмектесіңдерші, балалар!
Сәлеммен, кірпі.
Мұғалім: «Бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Кірпіге көмектесеміз бе? Сабақта мұқият болайық: тапсырмаларды дұрыс орындасақ, түрлі жемістерді жинаймыз».
Сабақ ережелерін еске түсіру
-
1
Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз.
-
2
Біреудің айтқанын қайталамаймыз.
-
3
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз.
-
4
Белсенді қатысып, жақсы баға алуға ұмтыламыз.
Қызығушылықты ояту: сұрақтар топтамасы
Оқушылардың бұрынғы білімін белсендіру үшін мына сұрақтар қойылады:
Арифметикалық амалдар
- Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?
- Қосудың компоненттерін атаңдар.
- Азайтудың компоненттерін атаңдар.
- Көбейту дегеніміз не? Көбейтудің компоненттерін атаңдар.
- Бөлу дегеніміз не? Бөлудің компоненттерін атаңдар.
Өрнек, есеп және қатынастар
- Өрнектер нешеге бөлінеді?
- Санды өрнек дегеніміз не?
- Әріпті өрнек дегеніміз не?
- Есеп дегеніміз не? Есептің құрамды бөліктерін атаңдар.
- Теңдік дегеніміз не? Теңсіздік дегеніміз не?
- Теңдеу дегеніміз не?
Мағынаны тану
Мәтін тізбектеп оқылады. Оқушылардың назарын сабақ мазмұнына шоғырландыру үшін ойын элементі қолданылады.
«Көкпар» ойыны
Ойынның шарты қысқаша түсіндіріледі: тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалып, дұрыс жауаптар арқылы алға жылжиды.
№ 1 (тапсырма мәтіні келесі бөлімде жалғасады).