Сиқырлы сөздер

Сыныптан тыс іс-шара: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

Бұл интеллектуалдық жарыс оқушылардың білімін бекітуге, ойлау жылдамдығын арттыруға және топпен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Білімділік

Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлығын байқау, топпен бірлесе жұмыс істеуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.

Дамытушылық

Сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік

Ізденімпаз, ұйымшыл, жылдам әрі тапқыр ұрпақ тәрбиелеу; болашаққа өз үлесін қоса білетін тұлға қалыптастыру.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Білімді бекіту
Сабақтың типі
Жарыс сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс және көрнекілік

Пәнаралық байланыс

  • Ана тілі
  • Математика
  • Қазақ тілі
  • Дүниетану

Көрнекілік

  • Топ аттары жазылған қағаздар
  • Мақал-мәтелдер
  • Қанатты сөздер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, жарыс форматына дайындау.

II. Психологиялық дайындық

Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адалдық.
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адамдық.

Бүгін біз «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты интеллектуалдық жарыс өткіземіз. Жарысқа екі топ қатысады: «Алғырлар» және «Тапқырлар». Жарыс ережесі түсіндіріліп, әділқазылар алқасы таныстырылады.

Жарыс кезеңдері (8 кезең)

  1. 1. Таныстыру

    Топ атауы мен ұранын таныстыру.

  2. 2. Сиқырлы сөздер

    Берілген сөзден жаңа сөздер құрастыру.

  3. 3. Кім жылдам?

    Математикалық сұрақтарға жедел жауап.

  4. 4. Кім көп біледі?

    Мақал-мәтел айту сайысы.

  5. 5. Білгенге маржан

    Дүниетану бойынша нөмірленген сұрақтар.

  6. 6. Ұшқыр ой

    Ана тілі және қазақ тілінен сұрақтар.

  7. 7. Сын сағаты

    Жағдаяттық тапсырма, шешім ұсыну.

  8. 8. Өнерлі болсаң

    Топтың өнер көрсетуі.

Сайысты ашу және таныстыру

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр болсаң, талас жоқ» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысатын екі топты қол соғып қарсы алайық.

Бас иіп топ алдына шығатын,
Сәлемдесу — парызы әрбір жастың.
Білімдерін паш етер сайыскерлер,
Сәті келіп қалғандай танысатын.

1-кезең: Таныстыру

Әр топ өз атауын және ұранын таныстырады.

1-топ: «Алғырлар»

Ұраны: Нақты жауап, саналы шешім бере біл,
Қарсыласты сайыстарда жеңе біл!

2-топ: «Тапқырлар»

Ұраны: Неше сұрақ қозғайтын ойшылдар,
Сол сұрақтардың шешуін дәл шығар!

Негізгі кезеңдер мазмұны

2-кезең: «Сиқырлы сөздер»

Тақтаға «Қайырымдылық» сөзі жазылады. Екі минут ішінде осы сөзден мүмкіндігінше көп жаңа сөз құрастырған топ көбірек ұпай жинайды.

3-кезең: «Кім жылдам?» (Математика)

Сұрақ қойылғанда бірінші болып жалауды көтерген топ жауап береді.

  1. Мен бір сан ойладым. Оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Ол қандай сан? (50)
  2. 1 дм-де неше см бар? (10)
  3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысын кездестірді. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)
  4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық? (60)
  5. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды? (9)
  6. Ұзындығы 2 см және 4 см тіктөртбұрыштың периметрін тап. (12)
  7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады? (2)
  8. 2 жылда неше ай бар? (24)
  9. Екі шеті тұйықталған түзу сызық қалай аталады?
  10. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы болады? (5)

4-кезең: «Кім көп біледі?»

Топтар кезекпен мақал-мәтел айтады. Ең көп мақал айтқан топ жеңімпаз атанады.

5-кезең: «Білгенге маржан» (Дүниетану)

Тақтада нөмірлер беріледі. Оқушы таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жауап береді. Жауап дұрыс болмаса, қарсы топ жауап беруге мүмкіндік алады.

  1. Қай құс өз атын қайталай береді?
  2. Құлағы үлкен қандай жануарды білесің?
  3. Сезім мүшелерін ата.
  4. Топырақты неден қорғау керек?
  5. Киелі құс.
  6. Ұша алмайтын құс.
  7. Өсімдіктің мүшелерін ата.
  8. Ауаның ластану себептері.
  9. Дәрілік өсімдіктерді ата.
  10. Шөлге шыдамды жануар.

6-кезең: «Ұшқыр ой» (Ана тілі, қазақ тілі)

  1. Үш биді ата.
  2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
  3. Мәтін түрлерін ата.
  4. Ы. Алтынсарин не ашқан?
  5. «Тез жүгіріп келіп, арқандарды өткір тісімен қырқып тастайды» — қай мәтіннен алынған?
  6. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
  7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  8. Сөз таптарын ата.
  9. Ертегілердің қандай түрлері бар?
  10. Ахмет Байтұрсынұлы кім?

7-кезең: «Сын сағаты» (Жағдаяттық сұрақтар)

1-топқа

Сабақтан «2» алып қалдыңдар. Мұғалім де, анаң да қатты ренжіді. Сол ренішті қалай өтейсіңдер? Шешімдеріңді түсіндіріп айтыңдар.

2-топқа

Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды. Не істейсің? Үйдегілерге не айтасың?

8-кезең: «Өнерлі болсаң»

Әр топ өз өнерін көрсетеді: өлең оқу, ән айту, көрініс қою немесе басқа шығармашылық жұмыс.

Қорытынды

Нәтиже шығару

  • Әділқазыларға сөз беріледі.
  • Жеңімпаз топ анықталады.
  • Марапаттау рәсімі өткізіледі.

Қорытынды сөз

Ойын толқын жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.