Шағаладай қалықтаған, Көк теңізді жағала
Мұғалімі
Касенова Куляим Кутукеевна
Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім — Қазақстан»
1-жүргізуші
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула-лаула желтоқсанның мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.
2-жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қырына, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға-апаларымыздың арқасында жеткен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім — Қазақстан» сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!
Желтоқсан рухы
1-жүргізуші
Көрдік қой зорлық — оспадар жандар көрігінен,
Жүрегім сыздар, сыр тартсам сол бір әріден.
Қаншама батыр, қыруар ұлды құрбан етіп,
Қиындықтардың бәрінен қайыспай өткен ел едің.
2-жүргізуші
Тапталмасын деп қазақтың кегі мен ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты алаңға Ләззат —
Толған еді он алтыға небәрі.
Ерлік есімі — ел жадында
Жалған емес — бұл шындық, дастан-әнім,
Бостандықтың ол бұзды тас қамалын.
Қайрат, Ербол, кешегі Ләззаттардың,
Қыршынынан кім қиды жас жанарын?
Ләззат монологы
Ләззат
Он алтыда қиылдым мен, табанын да танкінің.
Ләззат атты құрбанымын қазақ деген халқымның.
Шағаладай қалықтаған көк теңізді жағала,
Ләззат дейтін мен болам — аспандағы шағала.
Туған халқым — қазағым, сенің үшін жанамын.
Енді қайтіп көрмейік Желтоқсанның азабын.
Оқушылар жырынан
1-оқушы
Ұяңнан ұшып шығып, оралмадың,
Ауылың Ақжазыққа қона алмадың.
Шілде айы — туған күнің екен сенің,
Ол күннің қонағы боп келе алмадың.
2-оқушы
Небәрі он алтыдан асып едің,
Балалық бал дәуренмен тасып едің.
Қазақтың салт-дәстүрін, жолын қуып,
Өмірге енді қадам басып едің.
Ескерту
Мәтінде «Толық нұсқасын жүктеу» деген жол берілген. Бұл блог жазбасында мазмұн бөлігі ретінде қарастырылмағандықтан, алынып тасталды.