Қасымның несі қасым

Мақсаты

Ұлы Отан соғысының жауынгері, ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығымен таныстыру; оқушыларды адалдыққа, ел намысын қорғайтын төзімді азамат болып өсуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін және шығармашылық қабілетін дамыту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.

Барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Кіріспе сөз.
  3. Ауызша журнал бөлімдері: өмірі, шығармашылығы, әндері, естеліктер мен пікірлер.
  4. Қорытынды.

Кіріспе сөз

Көзі тірісінде-ақ ақиық, асау, асқақ ақын ретінде танылған Қасым Аманжолов күллі қазақтың сүйікті перзентіне айналып, даңқ биігіне көтерілді. Ақын дүниеден өткеннен кейін де оның есімі бұрынғыдан бетер асқақтап, атағы ақиқаттан да асып, аңыз тұлғаға ұласа бастағаны бәрімізге мәлім.

Уақыт өте келе бір кездері еркіндігі үшін шектеу көрген шығармашылығына да жол ашылып, Қ. Аманжоловтың өмірі мен өнері тұтас әрі мұқият бағалана бастады. Ақынның замандасы Мұқағали Мақатаев оның ұлылығын мойындап қана қоймай, өзгеге де мойындатуды мақсат еткен. Соған дәлел — «Қасым деген — қалғыған жанартау ғой» атты өлеңі.

Дәйексөз

Қасым деген — қалғыған жанартау ғой…

Дейсіңдер-ау! Қасымның несі Қасым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым?
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.

…Қасым деген — қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой. Жанды да кетті өртеніп.

— Мұқағали Мақатаев

Ауызша журнал: «Өлеңі өртке тиген дауылдай»

Қ. Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Өлеңі өртке тиген дауылдай» атты ауызша журналымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-бет: «Қасым деген — қалғыған жанартау ғой»

Ақынның өзі айтқандай:

«Қасымымын мен — қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын…»

Бұл бөлімде Қасым атамыздың өмір жолымен танысасыздар.

Жүргізуші: Әнуарбек Шахноза

2-бет: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды»

«Дүниеге келер әлі талай Қасым, олар да бұл Қасымды бір байқасын…» — деп жырлаған ақынның шығармашылығына кезек береміз.

Өлең оқу

  • Ролан Жәнібек — «Өтеді күндер»
  • Жаңабай Нұртуған — «Дариғашым, дариғашым»
  • Бөкенбай Ғалымжан — «Нар тәуекел»
  • Кәдірхан Әсел — «Ғабдолға»
  • Кеңес Алма — «Абай арманы»
  • Ертас Жандәулет — «Сарыарқа»

Ақынның өз сөзімен айтсақ:

«Адам болып туғанмын, адамша өтем,
Аямаймын, барымды беріп кетем…»

Ән

Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған «Өзім туралы» әні.

Орындайтын: Жаңабай Нұртуған

Шығармашылық жалғасы

«Іздеймін деп Жерұйық, желдей желген,
Асанқайғы емеспін — Қасыммын мен.
Қорқыт та емеспін елсізде, көр басында,
Қобызымен сырласып күңіренген…»

Өлең оқу

  • Каналбек Айжан — «Бауыржан»
  • Ахмет Дархан — «Елге хат»
  • Алдан Рахымжан — «Үстімде сұр шинелім»
  • Есбол Асқар — «Алматы»
  • Сүйеова Жібек — «Өмір сыры»
  • Қарғабай Ақбаян — «Шыңғыстауда»
  • Бөкенбай Бауыржан — «Атамекен»

Ән

«Туған жер» әні.

Орындайтын: Каналбек Айжан

Бөлім: «Абайдан кейінгі қазақ поэзиясын төрге шығарған — Қасым»

Енді ақын туралы айтылған пікірлер мен естеліктерге құлақ түрейік.

Пікірлер мен естеліктер

  • Серік Ақсұңқарұлы пікірін оқитын — Ертас Жандәулет
  • Серік Қирабаев пікірін оқитын — Ролан Жәнібек
  • Сақыпжамал (жары) пікірін оқитын — Сүйеова Жібек
  • Дариға (қызы) пікірін оқитын — Қарғабай Ақбаян
  • Мұражай күнделігінен үзінді оқитын — Ахмет Дархан

Қорытынды

Еркіндік алған қазір сүйген елі,
Көп елден еңсесі озық іргелі.
Ақынға берді көше, мектеп атын,
Бір кезде бір баспана тимеп еді.

Жасын сыр жанартаудай атылатын,
Бірде нұр, бірде мұңға батыратын.
Сақтаған жүрегінде аяулы еді,
Ардақтап жатыр бүгін ақын атын.

Ақынның орындалып ұлы арманы,
Қонғандай қолыңа кеп қиялдағы.
Қашанда оттай жанған Қасым жыры,
Жылытып жүректерді тұрар мәңгі!

Осымен «Өлеңі өртке тиген дауылдай» атты ауызша журналымыз аяқталды.

Көңіл бөліп тыңдап, қатысқандарыңыз үшін көп рақмет! Сау-саламатта болыңыздар!

Слайдты жүктеу