Ерханаттар отбасы
Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайысы (презентациямен)
Мақсаты
- Оқушылар мен ата-аналарға денсаулықтың қымбат, өмір үшін қажетті әрі ең бағалы байлық екенін ұғындыру.
- Сымбатты, мықты, күшті болу үшін денені шынықтыру мен спорттың маңызын түсіндіру.
- Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу: бұл — жан мен тәннің тазалығы, саулықтың жақсаруы.
Көрнекіліктер
Нақыл сөздер
- Спорт — денсаулық кепілі.
- Тәлімді тәрбие отбасынан басталса, дені сау ұрпақ — ұлт болашағы.
- Саулық — байлықтың негізі.
Музыкалық сүйемелдеу
Музыкалық аппаратура, сайыс барысында таңдалған әндер қосылады.
Би: 6 «А» сыныбы — «Недетское время»
Бағалау
Спорттық сайыс 5 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Әділқазылар алқасы
- Мектеп директоры
- Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар
- Мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы
Кіріспе: денсаулық — әлеуметтік байлықтың негізі
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! «Денсаулық — әлеуметтік байлықтың негізі» деген сөз бар. Бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: «Толағай» — отбасылық тәрбиені, ұйымшылдықты және салауатты өмір салтын насихаттайтын тәрбиелік мәні жоғары ойын-сауық бағдарламасы. Сайысымыз 5–7-сынып оқушылары мен белсенді ата-аналар қатысуымен өтеді.
Сайыс идеясы
Әр отбасы — жеке команда. Жеңіске жету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмалар мен кедергілерден өтеді.
Денсаулық туралы шумақ
Денсаулық — ол шыныққан, барлық дене мүшесі.
Денсаулық — ол тыныққан, жүйке-тамыр жүйесі.
Денсаулық — ол күлуің, көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық — ол жүруің, ешбір жерің ауырмай.
Қатысушылар
2-жүргізуші: Сайысқа қатысу үшін ортаға үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң отбасыларымызды шақырамыз.
Ерханаттар отбасы
Команда
Қатысушы отбасы
Нұғымановтар отбасы
Команда
Қатысушы отбасы
Баядиловтар отбасы
Команда
Қатысушы отбасы
Нұрсейітовтар отбасы
Команда
Қатысушы отбасы
Неге бұл сайыс маңызды?
Отбасының рөлі
Тәлімді тәрбие отбасынан басталады. Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы. Әр отбасында ата-ана — шаңырақтың негізгі тірегі. Сондықтан баланың өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі ерекше.
Спорттың мәні
Спорт — денсаулық кепілі. «Толағай» сайысы отбасылық тәрбиені нығайтып, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған: бір жағынан дені сау ұлт қалыптастыруға үлес қосса, екінші жағынан әр отбасыға рухани әрі мәдени мереке сыйлайды.
Ұран: Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Қатардан артта қалып қоймайық. Белсенді болайық ортада, уақытты текке өткізбейік!
Сайыс кезеңдері (8 кезең)
-
01
Таныстыру
-
02
Таңғы жаттығу
-
03
Қаппен жүгіру
-
04
Кім жылдам?
-
05
Білімді кенгуру
-
06
Кішкентай қонжықтар
-
07
Сурет салу
-
08
Жеңіске жету
I кезең: Таныстыру
Тапсырма
- Топтың атауы, эмблемасы, ұраны.
- Үй тапсырмасы: 3–5 минут ішінде отбасын таныстыру.
- Таңдалған музыкаға отбасымен бірге таңғы жаттығуды көрсету.
Командалар және ұрандар
«Шымыр» тобы — Балтабаевтар отбасы
Біз шымыр, сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
«Бірлік» тобы — Нұғымановтар отбасы
Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!
«Ынтымақ» тобы — Баядиловтар отбасы
Біз әрқашан мықтымыз, бәрін жеңіп шығамыз!
«Денсаулық» тобы — Нұрсейітовтар отбасы
Шынықсаң, шымыр боласың, сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл, жақсы азамат боласың.
II кезең: Таңғы жаттығу
2-жүргізуші: «Шынықсаң — шымыр боласың!» кезеңінде командалар таңғы жаттығу кешенін көрсетеді. Мақсат — ширақтық, үйлесім және ортақ ырғақты сақтау.
Қозғалыс ойындары: негізгі турлар
III тур: Қаппен жүгіру
Белгі берілген сәттен бастап алдымен оқушы, кейін анасы, соңында әкесі аяқтарына қап киіп, залдың арғы шетіне дейін барып, сол күйінде кері жүгіріп келеді. Уақыт есептеледі.
IV тур: Кім жылдам?
Анасы допты жерге соғып әкесіне жеткізеді. Әкесі допты алып шеңберге дәл түсіруге тырысады (дәл түскенше әрекет етеді). Содан соң анасы допты алып баласына жеткізеді; бала да допты әкесіне апарып береді.
V тур: «Білімді кенгуру»
Ата-ана мен оқушы кезекпен допты тізесінің арасына қысып, кедергілерден секіріп өтеді. Белгіленген жерге жеткен соң бір математикалық есепті шығарады. Бару-қайтуда да сол тәсіл сақталады.
VI тур: «Кішкентай қонжықтар»
Анасы бір баласымен, әкесі бір баласымен қарама-қарсы тұрады. Балаларын бір шеттен екінші шетке арқалап өткізуі тиіс.
VII тур: Сурет салу
Бір бала доппен кедергілерден өтіп келеді. Бір қатысушы сурет салады, екіншісі сипаттап айтып тұрады. Қайтарда екінші бала доппен кері өтеді. Сурет салатын баланың көзі байлаулы болады.
VIII тур: «Жеңіске жету»
Ата-аналар кезекпен кедергілерден өтіп, секіртпемен (скакалка) ту тұрған жерге жетеді, туды алып келіп келесі қатысушыға береді. Келесі адам туды орнына апарып, қайта алып келеді. Ең жылдам команда жеңеді.
Денсаулықтың қадірін түсіндіріп, жақсылыққа баулитын бұл сайыс — бірлікке бастар ортақ мереке. Ынтымақ бар жерде болашақ та айқын.
Марапаттау және қорытынды
Марапаттау рәсімі
1-жүргізуші: Енді денсаулықтың әліппесін жүрегіне тұмар еткен, спортты серік еткен отбасылардың жетістігін бағалап, марапаттау рәсіміне көшейік.
2-жүргізуші: Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болудың шарты — еңбектену, жалықпау. Біреу озса, біреу кейін қалады; бірақ бұл сайыстан еш ренішсіз, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасайық.
Тілек сөз
Ұрпақ керек — ертеңін болжайтын,
Дені таза, тәні таза — елін, жерін қорғайтын!
Денсаулық — өмірдегі басты байлық. Салауатты өмір салтын насихаттап, жақсы азамат атанайық!
Қорытынды сөз
1-жүргізуші: Еліміздің болашағы — дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі — салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды нұрландырайық! «Толағай» отбасылық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңызға көп рахмет!
2-жүргізуші: Біз — ел үшін атқа мінген халықпыз. Бүгін алтын уақыттарын бөліп, отбасылық сайысқа қатысқан әрбір отбасыға алғыс білдіреміз. Жақсылықта, амандықта жүздескенше!