Пайдалы қазба

Сабақ тақырыбы

Дүние жүзінің табиғат ресурстарын қайталау

Мақсаты

  • Оқушылардың «Дүние жүзінің табиғат ресурстары» тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау.
  • Экологиялық білім беру.
  • Ой-өрісті дамыту.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ типі
Қайталау сабағы
Сабақ түрі
Дәстүрлі емес
Әдісі
Сұрақ-жауап, тест
Пән аралық байланыс
Биология
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, оқулық

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпты 2 топқа бөлу.
  • Үй тапсырмасын сұрау.

I. «Сұрақ бізден — жауап сізден»

Төмендегі тұжырымдарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз.

Тұжырым Жауап
1 XIX ғасырдың басында негізгі энергетикалық ресурс ағаш болды. Иә
2 Дүниежүзіндегі елдердің табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі бірдей. Жоқ
3 Мұнай қоры 40 жылға жетеді деген болжам бар. Иә
4 Отын түрлерінің ішінде әлемдік қоры ең молы — мұнай. Жоқ
5 Пайдалы қазбалардың ішінде маңыздысының бірі — темір кені. Иә
6 Марганец кенін өндіруден ТМД елдері алдыңғы орында. Иә
7 Адамзатқа қажетті азық-түлік өнімдерінің 88%-ын өңделетін жер береді. Иә
8 Қазақстанда егістікке жарамды жер 190 млн га. Жоқ
9 1 тонна мыс алу үшін 500 м³ су қажет. Иә
10 Адам пайдаланатын теңіз биомассасының 100%-ын балықтар құрайды. Жоқ

II. «Тапқырлар сайысы»

Берілген табиғат ресурстарын топтастырыңыз:

Мұнай Орман Бидай Сарыағаш Көмір Балқаш Қор Темір Тоғай Сұлы Ніл Көкшетау Мыс Жаңбыр Жылқы Шабындық Егістік Каспий Есіл Бұршақ Асбұршақ Магний Титан Күнбағыс Жел Ахмет Ясауи кесенесі

III. Сәйкестендіру тесті

Сол жақтағы ұғымдарды оң жақтағы жауап нұсқаларымен сәйкестендіріңіз.

  1. 1.Табиғат ресурстарын көп тұтынушы
  2. 2.Дүниежүзілік табиғи газ қоры
  3. 3.Табиғат ресурстарын өндіруші, экспорттаушы
  4. 4.Дүниежүзіндегі таскөмір өндіру
  5. 5.Темір кені қоры
  6. 6.Әлемдік жер қоры
  7. 7.Қазақстандағы өзендер саны
  8. 8.Мәдени және табиғи ресурстар
  9. 9.Минералды сумен емделу
  10. 10.Денсаулық түзеу
  11. 11.Рекреациялық-спорттық
  12. 12.Рекреациялық-іздену
  • а)Экономикасы дамыған елдер
  • ә)Экономикасы дамушы елдер
  • б)146 млрд м³
  • в)85 мың
  • г)13,1 млрд га
  • ғ)600 млрд т
  • д)3,5 млрд т
  • е)Шымбұлақ
  • ж)Қапшағай
  • з)Өсімдіктектес
  • и)Сарыағаш
  • к)Отырар, Түркістан

Қорытынды

Дүние жүзінің табиғат ресурстарын тиімді әрі ысырапсыз пайдалану — өз қолымызда. Әрбір ресурсқа ұқыпты қарау экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және келер ұрпаққа жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.

Бекіту: сөзжұмбақ

Тірек сөздер

Экология ОПЕК Күріш Фосфорит Вольфрам Отырар Егістік Гидросфера Бразилия

Сұрақтар

  1. Мұнай экспорттаушы (ұйым).
  2. Биологиялық ресурс.
  3. Металл емес минералды ресурс.
  4. Пайдалы қазба.
  5. Қазақстанның көне қаласы.
  6. Жер ресурсы.
  7. Су қабатының басқа атауы.
  8. Кофе мен темірге бай ел.

Бағалау

Оқушылардың жауап беру белсенділігі, дәлдігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

Қайталау.