Сөз ойла, тез ойла

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға сан есімді өз бетінше жұмыс істеу арқылы меңгерту, білімдерін толықтыру.
  • Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
  • Оқушыларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Ребус, тест, «Құстарды қорғау» ойыны.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, салыстыру, ізденушілік.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Қысқа бөлім

Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Жұмбақ: сын есімі бар жұмбақ жазып келу.

3) Жаңа сабақ

Сөз таптары: зат есім, етістік, сын есім, сан есім.

Бүгінгі сабақта сан есіммен танысамыз: сан есім дегеніміз не?

Көркем жазу

Досыңды бір алдасаң, өзіңді мың алдағаның.

1) Суретпен жұмыс

«Құстарды қорғау» ойынын ойнату. Сөздерден сөйлем құрап жаздыру:

  1. Қараторғайға сыныптың үшінші оқушылары ұя жасады.
  2. Қарлығаштың үйге біздің салған ұясына екі жыл болды.

«Үшінші» және «екі» сан есімдерін екі оқушыға сатылай талдату.

Құстар туралы тыйым сөздер

  • Құстың ұясын бұзба.
  • Құсты айыр ағашпен атпа.
  • Құстың жұмыртқасын жарма.

3) Оқулықпен жұмыс

Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жаз:

төрт алты тоғыз он жеті жиырма төрт

Үлгі: төрт қап, …

4) Ребус шешу

Ой толғау:

100 – ік
100 – ім
100 – дік

5) «Кім тапқыр?»

Тақтаға плакат ілінеді. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қой:

  • Білекті …… жығар, білімді …… жығар.
  • …… сомың болғанша, …… досың болсын.
  • …… ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Жауаптарын дәптерге жазу.

6) «Сөз ойла, тез ойла»

1 асым — су
1 жұтым — ет
1 ауыз — тұз
1 шымшым — қамыр
1 жайым — өлең

7) Көру диктанты

Төмендегі көбейту кестесін толықтыру:

9 × 1 =
9 × 2 =
9 × 3 =
9 × 4 =
9 × 5 =
9 × 6 =
9 × 7 =
9 × 8 =
9 × 9 =
3 × 1 =

8) «3» санына байланысты даналық сөздер

  • Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.
  • Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
  • Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі.
  • Үш тәтті: жан, мал, жар.
  • Үш мұрат: саудагер мұраты — ұту, жол мұраты — жету, дау мұраты — біту.

Сабақты қорыту

9) Венн диаграммасы

Сын есім мен сан есімді салыстырып, Венн диаграммасын құру.

Сын есім

Заттың сынын, сапасын білдіреді.

Сан есім

Заттың санын, ретін білдіреді.

10) Тест

  1. Заттың қимылын білдіретін сөз табын ата.

    • А) зат есім
    • Ә) етістік
    • Б) сын есім
    • В) сан есім
  2. Етістіктің сұрақтарын тап.

    • А) Кім? Кімдер? Не? Нелер?
    • Ә) Қайтты? Не істеді? Не қылды?
    • Б) Қандай? Қай?
  3. Болымды етістікті тап.

    • А) барма
    • Ә) жүр
    • Б) келме
  4. «Парта, гүл, тақта, күн» сөздері қай сөз табына жатады?

    • А) зат есім
    • Ә) етістік
    • Б) сын есім
  5. Күрделі етістіктерді тап.

    • А) ойнап отыр
    • Ә) барды
    • Б) жүгіріп келеді
  6. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін белгіле.

    • А) бастауыш
    • Ә) баяндауыш
    • Б) пысықтауыш
  7. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны қалай атайды?

    • А) жұрнақ
    • Б) жалғау
  8. Көптік жалғауы жалғанған сөзді тап.

    • А) балалар
    • Ә) гүлге
    • Б) аспан

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

Үй тапсырмасы

Сан есімі бар жұмбақ құрастырып жазып келу.