Балалармен жеке жұмыс жүргізу

Құралай ясли-балабақшасы

Әдіскер: Тоғайбаева Н.

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырыбы

«Шалқан» (орыс халық ертегісі). Саусақ театры арқылы сахналау.

Тақырыптық бағыт

«Біз күштіміз, ептіміз»

Мақсаты

Балалардың әдеби кейіпкерлердің әрекеті мен жүріс-тұрысын тануға қызығушылығын қалыптастыру, ертегі мазмұнын түсініп, бірлесе әрекет етуге үйрету.

Дидактикалық ойын

«Кейіпкерлерді ата»

Мотивациялық қозғаушылық

Бүгін біздің топқа көптеген қонақтар келді. Балалар, біздің топтың аты қалай аталады?

Жарайсыңдар! Ендеше, шаттық шеңберін бірге айтайық.

Шаттық шеңбері

Күндей жарқырап, Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап, Судай таза көңілмен.
Ертегілер елінде,
Татумыз, доспыз бәріміз —
Жылысыншы жанымыз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Сұрақ-жауап

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күзде ауа райы қандай болады?
  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күз мезгілі туралы әңгіме

Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді, өйткені салқында олар тоңады. Қыс біткен соң құстар өз мекеніне қайта оралады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Жеміс-жидектер пісіп, дәнді-дақылдар жиналып, қамбаға құйылады. Солай біз қысқы азығымызды күзде дайындап аламыз. Күз — адамдар үшін қазыналы мезгіл.

Тақтадағы көрініс

Тәрбиеші балалардың назарын тақтаға аударады: «Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?» Тақтада — «Шалқан» ертегісі.

«Шалқаннан» басқа қандай ертегілерді білесіңдер? Жарайсыңдар, балалар — біз көптеген ертегілерді біледі екенбіз.

Ертегіні айту және сахналау

Ұйымдастыру

Тәрбиеші «Шалқан» ертегісін айтып береді. Содан кейін балаларды сахнаға шақырып, саусақ театры арқылы ертегіні бірге сахналайды.

Сахналаудан соң тәрбиеші балалардан ертегі кейіпкерлерін атап беруді сұрайды.

Балалардың жұмбақ-өлеңі (1)

Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.

Бегайым

Балалардың жұмбақ-өлеңі (2)

Күшігім менің саққұлақ,
Келеді әне шапқылап.
Сақтыңдығын көрейін,
Қойшы атаға берейін.

Бану

Сергіту сәті

Ендеше, балалар, бой сергітіп алайық.

Тікірейіп құлағы,
Бізден бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

Жеке жұмыс және қорытынды

Жеке жұмыс сұрақтары

  • Шалқан қайда өседі?
  • Шалқанның түсі қандай?
  • Жапырағының түсі қандай?

Кері байланыс

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

Жарайсыңдар, балалар! Бүгін біз «Шалқан» (орыс халық ертегісі) ертегісін саусақ театры арқылы сахналадық.

Түйін: бірлік пен ынтымақ болғанда, ең қиын істі де бірге атқаруға болады.