Сиқырлы қобдиша
Бұл тренинг студенттердің арманы мен болашағы арасындағы байланысты түсіндіруге, өз мақсаттарын сөзбен де, образбен де (коллаж арқылы) нақтылауға бағытталған.
Жоспар
I. Ұйымдастыру
Топты жинақтау, көңіл-күйді реттеу, тренинг ережесін келісу.
II. Негізгі бөлім
- Амандасу рәсімі
- «Сөйлемді жалғастыр...»
- «Менің арманым – менің болашағым» коллажы
- Карточкамен жұмыс (қанатты сөздер)
- Мюнстенберг тапсырмасы
III. Қорытынды
«Сиқырлы қобдиша» және тренингті талқылау: әсер, жаңалық, ұсыныс.
II. Негізгі бөлім
А) Амандасу рәсімі
Шеңберге тұрып, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қоямыз. Бір-бірімізге жылы жүзбен қарап, күлімсірейміз.
Әр амандасу рәсімінің өз ерекшелігі бар. Бүгін амандасу кезінде фильм кейіпкерлері арқылы бір-бірімізге жағымды ассоциация сыйлайық.
Мысал: «Сәлем, Надира! Сен маған Қызыл телпекті елестетесің».
Б) «Сөйлемді жалғастыр...»
Қатысушылар төмендегі бастамаларды жалғастырып, өз ойларын қысқа әрі нақты жеткізеді. Мақсат — рөлдер арқылы ішкі ұмтылысты сезіну және мақсаттарды анықтау.
В) «Менің арманым – менің болашағым» коллажы
Қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Әр топ тақырыпқа сай коллаж жасап, оны қысқаша таныстырады: нені таңдады, неліктен таңдады, қандай қадам жоспарлайды.
Қажетті құралдар
Картон, газет-журналдар, түрлі түсті фломастерлер, жарнамалық қағаздар.
Г) Карточкамен жұмыс
Қатысушыларға суретті карточкалар беріледі. Көмекші сөздер арқылы суреттегі ұлы тұлғаларды табу қажет. Одан кейін қанатты сөздердің мағынасы талқыланады: арман, қиял және әрекет арасындағы байланыс қандай?
«Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады. Істеген амалдардың барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады».
«Арман – жарық жұлдыз. Онсыз айқын бағдар жоқ. Бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ».
«Қиял! Мұнсыз ақын да, философ та, тіпті адам болуы да мүмкін емес!»
«Арман деген көп белес: біріне шықсаң, бірі бар».
«Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы».
Д) Мюнстенберг тапсырмасы
Нұсқау
Көптеген әріптердің арасында өлеңнің атауы жасырылған. Жылдам оқи отырып, сол сөздерді тауып, астын сызыңыз. Кейін өлеңді әуенге салып орындаңыз.
Жұмыс уақыты: 3 минут
ЫОШЫОШЩРОАРМАННННОВШГНГАДАСТЫРМАЙЙЙШКГМЕНІІЛВТОПҚҚОЯЯЯТДВЛАООРДОЛДЖЩӨӘІЦҚӨҰӨПТТТҰРРШОЫТЧЛПОЗЩДЛОЛОЛ ӘІҢҮҚӨҚАРМАНЫМАПШОВОЛЩЗЩАСЫҒЫПЛЛОЛООПБАРАМҚҺӨӨҚ АОРПДЬДЖЖАРМАНГПРГРИАЙДРОТЖДЬОҮҰҰҚФЫВПДЖЖПЖЭЖОХ ЧӘІҒҢӨҺҚӨПАҚҚУЛОРДЛОДЖЖДЛЖДАРМАНДЛЖЭДБЖДЖЬЖДДЖД ЫВПАРЛДПАОРАСЫЛАПОЕНЕНШАРМАНРЛДЖЭЯЧСМИТЬЮХКЙЙЦУ
III. Қорытынды
«Сиқырлы қобдиша»
Нұсқау
Сиқырлы қобдиша ішінде сыйлықтар бар. Сыйлықтар — қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Әр қатысушы бір қасиетті таңдап, оны лайық деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, әрқайсыңыз өз бойыңыздағы қасиеттер туралы қысқаша айтып беріңіз.
Сыйлығыңыз құтты болсын!
Тренингті қорытындылау сұрақтары
- Қандай әсер алдыңыздар?
- Жаңадан не білдіңіздер?
- Не ұнамады немесе нені жақсартуға болады?
Қысқа ескерту
Тапсырмаларда қатысушылардың психологиялық қауіпсіздігін сақтаңыз: ешкімді салыстырмау, пікірді құрметтеу, еріктілік қағидасын ұстану, қолдау тілін қолдану.