Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым атты әдеби - сахналандырылған қойылым2 - жүргізуші

Тәуелсіздік — тәу етер киелі ұғым

Бұл мереке — шын мәніндегі Ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты — еңселі ел болу. Сондықтан да елін сүйген ақындарымыз: «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлады.

Негізгі ой

Арғы замандарды айтпағанның өзінде, соңғы екі ғасырдың ішінде халқымыздың азаттық жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтеріліске шыққаны — тәуелсіздікке ұмтылыстың айқын дәлелі.

Ұлы қазақ даласы тек қазақ жұртының ғана емес, адамзат өркениетінің бұралаң жолдарында бабаларымызбен иық тіресе тіршілік кешкен талай халықтың тағдырын өзгерткен қыруар оқиға мен күрделі кезеңдерді сан ғасыр бойы өз бойына сыйғызды.

Ұлы дала қойнауында бабалардың ұраны, тәуелсіздік жолындағы күресі, арманы, тарихта айтылмай кеткен талай сыр жатыр. «Қайран да менің жерім-ай…»

Ақтабан шұбырынды: ұлттық қасірет және рухтың сыналуы

XVIII ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының оңтүстік өңірлері жоңғар шапқыншылығына ұшырады. Жорық барысында Түркістан оазистері қаңырап, Сайрам қаласы талқандалды. XVIII ғасырдың басында Жоңғариямен күрестің шиеленісуі салдарынан Қазақ хандығы терең дағдарысқа түсті.

Бұл ауыр соққы Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке хандардың саясаты арқылы орныққан мемлекеттіліктің іргесін шайқалтты. Жоңғарлардың ең жойқын соққыларының бірі тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723–1727) деген атпен қалды. Ел басынан өткен осы қасірет «Елім-ай» әнін тудырды.

Жоңғар қысымынан қазақ ауылдары туған жерін тастап, үдере көшті. Көш үстіндегі халық — арыған, шаршаған, бірақ еңсесін түсірмеген елдің бейнесі.

Бұл нәубет ондаған мың қазақты атамекенінен кетуге мәжбүр етті. Дегенмен қазақ батырлары елді қорғау үшін кескілескен күрес жүргізді. Үлкен күш-жігердің арқасында халқымыз аумақтық тұтастығын сақтап қала алды.

Ерлік есімдері

Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Әулие Райымбек, Қанжығалы Бөгенбай сынды батырларымыздың жанқиярлық ерлігі — елге адалдықтың биік үлгісі.

Қазақ дейтін бастау үшін бар күшті,
Елі үшін жорық жасап жан кешті.
Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай —
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.

Отарлау саясаты және ұлт-азаттық көтерілістер

Патша үкіметі Қазақ елін тәуелді ету үшін жүйелі түрде әртүрлі шараларды іске асырды:

  • Шұрайлы, суы мол жерлерден қазақтарды ығыстырып, ол аймақтарға казак-орыстарды орналастырды.
  • Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ жерін басқару жүйесін өзгертіп, хандық билікті жойды.

Осы отарлау саясатына қарсы қазақ даласында ұлт-азаттық көтерілістер күшейе түсті. Олардың басты мақсаты — отарлық езгінің күшеюіне қарсы тұру, жер мәселесін қорғау және қазақ жерінің дербестігін сақтау еді.

Көтерілістер шежіресі

Сырым Датұлы

1783–1797

Исатай–Махамбет (Ішкі Бөкей ордасы)

1836–1838

Кенесары Қасымұлы

1837–1847

Аббас Қошайұлы – Лаубай Мантайұлы

1842–1844

Жанқожа Нұрмұхамедұлы

1856–1857

Есет батыр

1847–1858

Досан Тәжіұлы – Иса Тіленбайұлы

1870

Азаттық идеясының үзілмес желісі

Армандап боздақ аһ ұрып,
Айқаста қаны бөккен жер.
Хан Кене ашу шақырып,
Махамбет шерін төккен жер.
Құрманғазы сарындап,
Ыбырай мектеп ашқан жер.
Амангелді арындап,
Сұқ көздер бұғып сасқан жер.
Талқан боп тәж бен тағы да,
Қызыл дерт мәңгі құлады.
Атойлап атқан таңының —
Азаттық болып ұраны.